«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тіркелмеген қару

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облысымызда 7183 азамат­тық қару иесі тіркелген. Қаруды ұрлап кету және оны қолданып қылмыс жасаудың қаупін азайту үшін полицейлер “Қару иесі” ак­циясын өткізіп жатыр. Оған кри­миналдық, әкімшілік, жергілікті по­лиция қызметі мен басқа да бөлі­ністердің мамандары қатысуда. Акция басталғаннан бері 1313 қару иесі тексеріліп, 58 құқық бұзушылық анықталды, оның 47-сі қаруды сақтау ережелерін бұз­ғандар, қаруды қайта тіркеу мер­зімдерін өткізіп алғандар.

Сондай-ақ акция өткен уақытта екі петропавлдық полицияға тіркелмеген қару әкеліп тапсыр­ды. Олардың біреуі орманда тауып алған 12-ші калибрлі “ТОЗ” тегіс ұңғылы мылтығын әкелсе, екінші қала тұрғыны үйінің жа­нында травматикалық тапанша жатқанын айтып хабарласқан. Заңсыз сақталған қаруды ерікті түрде тапсырғандықтан олардың екеуі де жауапкершіліктен босатылды.

Игорь МЕРЦАЛОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің жетекші маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp