«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жүзден жүйрік

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстың дарынды балалары “IQanat” олимпиадасынан жүлделі оралды. Еліміздің 166 ауданындағы 37 мың баланың арасынан бұл олимпиадаға тек 800-ден астам 8-ші сынып оқушылары іріктеліп алынған болатын. Дарынды балалар 18-22 маусым аралығында Астана қаласында өз білімдерін сынады. “IQanat” олимпиадасы – ауыл оқу­шы­ларына арналған ең ауқымды білім сайысы. Соңғы 5 жылда 160 мың­нан астам ауыл мектебінің оқу­шылары сапалы білім алуға мүмкін­дік алған. Республикалық слёт ая­сындағы соңғы іріктеу кезеңінен сүрін­бей өткен 120 жеңімпаз “IQanat High School of Burabay” мектебінде тегін оқиды. Биыл өңірімізден бұл сайысқа 240 оқушы қатысып, 40 бала ақтық кезеңге өтті.

– “IQanat” олимпиадасы үш ке­зеңнен тұрды. Ақтық сайыс Астана қаласында ұйымдастырылды. Біздің өңірдің оқушы­лары аталған додаға мықтап әзір­ленді. Нәтижесінде ақтық сында 40 оқушы химия, биология, математика және тағы басқа пәндер бойын­ша өз білімдерін дәлелдеді, – дейді об­лыс бойынша “IQanat” олимпиада­сының үйлестірушісі Айсұлу Есе­неева.

Аталған олимпиада барысында “IQanat” мектебінің грантын өңіріміз­дің 4 оқушысы жеңіп алды. Солар­дың бірі – Қызылжар ауданынан қа­тысқан Диана Сағындықова. Ол ма­тематика пәні бойынша үздік атанды.

– Берілген тапсырмалар өте қиын болды. Бірақ соған қарамастан жеңіске жеттім. Жалпы мен матема­тиканы қатты жақсы көремін, болашағымды осы пәнмен байланыстырмақпын, – деді Диана Сағындықова.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp