«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 04.07.2023

Оқырман саны он мыңнан асты

Қадірлі оқырман! 2023 жылдың екінші жартыжылдығына мерзімді баспасөзге жазылу науқанының аяқ­талғанын өздеріңіз жақсы білесіздер. Дәстүрлі науқан басталған кезде газет қызметкерлерінің көкейінде “Таралымымыз қанша болады? Оқырманда­рымыздың саны көбейе ме?”, – деген сияқты жауабы беймәлім са­уалдардың ұялағаны жалған емес. Әлем халқын бір тарының қауызына сый­дырардай үрейлендірген панде­мия жылдарында ғасырдан астам тарихы бар қарт басылым – облыстық “Sol­tüstık …

Оқырман саны он мыңнан асты Read More »

БҮЛДІРШІНДЕРДІҢ БАЛ МЕКЕНІ

Бүгінгі балдырғандардың ертеңгі күні ел тізгінін ұстап, ұлтымыздың бары мен жоғын түгендейтін азаматтарға айналсын десек кейінгі буынның бойына соған сай тәрбие мен білімді сіңіре білуіміз керек. Бұл ретте елдегі білім ордаларына артылып отырған жауапкершіліктің жүгі ауыр. Оқу орындарындағы істелер жұмыстардан бөлек мектепке дейінгі мекемелер де ұрпақ тәрбиесінде үлкен рөл атқарады. Сауатты, отансүйгіш, жанашыр азаматтарды қалыптастыру …

БҮЛДІРШІНДЕРДІҢ БАЛ МЕКЕНІ Read More »

Омарташыларға арналған оқу

Өңірімізде омарта шаруа­шылығы бағыты бойынша ма­мандандырылған оқыту курс­тары басталды. Омарташылықпен айналысатын шағын және орта бизнес өкілдерінің бі­ліктілігін арттыруға арналған ерекше бастаманы облыстық кәсіпкерлер палатасы қолға алып отыр. Бұл курс кәсіпкерлердің әлеуетін дамыту мақсатындағы “Кәсіпке ба­ғыт” салалық бейіндік оқыту аясында ұйымдастырылған. Білім беру бағдарламасы төрт күнге есептелген. Оның екеуі “Пасека Қызылжар” ЖШС-ның базасында теориялық білімді меңгеруге, …

Омарташыларға арналған оқу Read More »

Байланыс нығаяды

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы төрағасының орынбасары Владимир Вит­чен­ко бастаған делегация Қос­танай облысында өткен этно­мәдени бірлестіктердің мерей­тойлық күндеріне арналған рес­публикалық форумға қатыс­ты. Биыл бұл өңірдегі тәжік-өзбек, армян, еврей, орыс бір­лес­тіктері мерейтойларын атап өтті. Форумға қатысушылар өзара іс-тәжірибе алмасып, талқылауға ұсы­нылған тақырыптар аясында өз ой­ларын ортаға салды. Этносаралық келісім мен жалпы ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған Қазақстан хал­қы …

Байланыс нығаяды Read More »

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕРДІҢ МӨЛШЕРІ ӨСТІ

1 шілдеден бастап жәрдемақы­лардың және әлеуметтің төлемдер­дің кейбір түрлерінің көлемі өсті. Өңірлік коммуникациялар қызме­тінде өткен кезекті баспасөз мәслихатында осы тақырып әңгіме өзегіне айналды. “Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры” АҚ облыстық филиалының бөлім басшысы Ғалия Мұқанова биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап зей­нетақы жүйесінде қатысты бірқатар өзгерістер болғанын айтты. Атап айтқанда, салымшылардың инвес­тициялық мүмкіндіктері кеңейтіліп, зейнетақы жинақтарының ең …

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕРДІҢ МӨЛШЕРІ ӨСТІ Read More »

Қаридан қалған Құран

Облыс орталығында ашылған Ислам мәдениеті музейіндегі құнды жәдігерлердің бірі – 87 жыл ғұмы­рында бес уақыт намазын қаза қылмай, белгілі ділмар атан­ған қари Ғабдолбәри Төлегенұлы­ның қасиетті Құраны, Құран аят­тары жазылған күйтабақтары, Мек­кеден арнайы әкелінген тақиясы. Бұл жәдігерлерді 2020 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық та­рихи-өлкетану музейіне “Музейге сый” акциясы аясында марқұмның ұлы Жапар Төлегенов сыйлаған еді. 1915 жылы …

Қаридан қалған Құран Read More »

БАБАМЫЗДЫҢ КӨЗІНДЕЙСІҢ, ДОМБЫРА!

“Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра”, – дейді ақын Қадыр Мырза-Әлі. Ғасырлар бойы қазақ халқының тұрмыс-тір­шілігіне, қиын-қыстау күндеріне куә болған аспабымыз домбыра еді. Оның бойында күллі қазақтың тарихы, мұң-зары, қуа­ныш-қайғысы, өткені мен бүгіні жатыр. Сондықтан да болар, қай үйді қарасаң да қасиетті домбыраның алар орны – төр. Шіл­денің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра …

БАБАМЫЗДЫҢ КӨЗІНДЕЙСІҢ, ДОМБЫРА! Read More »

Орманға қорған қажет

Жыл басынан бері өңірімізде 18 орман өрті тіркеліпті. Қызыл жалынның кесірінен келген шығынның көлемі – 13 млн. теңге. Ормандарда өрт қауіпсіздігі ережесін бұзудың 48 дерегі анықталып, 1 млн. теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынған. Облыстық табиғи ресурстар жә­не табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қарамағына 12 ор­ман шаруашылығы мекемесі және “Красный бор” жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылық кіре­ді. …

Орманға қорған қажет Read More »

Алимент төлемеген әйел

Балалардың әлеуметтік қызмет көрсету орталығында төрт кәмелет­ке толмаған сәбиі тәрбиеленіп жат­қан әйел бірнеше жылдан бері олар­дың күнкөрісі үшін алимент төле­меген. Өңір полицейлері оның Ақ­мола облысындағы тұрғылықты же­рін анықтады. Әйелдің айтуынша, ол алимент төлемегені үшін іздеуде екен­дігінен бейхабар болған. Енді қарызды мәжбүрлеп өндіріп алу үшін іс сотқа беріледі. Бұл жұмыс борышкерлерді, али­мент төлемейтіндерді және туыстық байланыстарын …

Алимент төлемеген әйел Read More »

ТРАКТОРШЫ ӘЖЕ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТ АТАНДЫ

Облыстық мәслихаттың кезекті төртінші сессиясы өтіп, онда бірнеше мәселе қаралды. 2022 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы облыс әкімінің орынбасары Сәтжан Абла­лиевтың, облыстық тексеру комиссиясының төрағасы Қайрат Сейітқожаевтың есептері тыңдалды. Сессия жұмысына облыс әкімі Айдарбек Сапаров қатысты. Баяндамашылардың айтуынша, жергілікті бюджеттің негізгі бөлігі республикадан түседі, былтыр оның мөлшері жалпы тү­сімнің 70,8 пайы­зына немесе 312 млрд. 115,5 …

ТРАКТОРШЫ ӘЖЕ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТ АТАНДЫ Read More »

Жастарға ұран емес, нақты іс қажет

Өңірге жұмыс сапарымен келген Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Евгений Кочетов қызылжарлық жастармен кездесу өткізді. Кездесуге өңірдегі жастар ресурстық орты­лық­тарының мамандары, жастар ұйымдарының жетекшілері мен еріктілер қатысты. Жиналғандар жастар саясатына қа­тысты мәселелерді көтеріп, сауалдарын жолдады. Кездесуде алғаш болып сөз алған белсенділердің бірі “Жастар тәжірибесі”, “Алғашқы жұмыс орны” сияқты бағдарламаларға арнайы квоталар бөлу ісінде өңірлердің ерекшеліктері …

Жастарға ұран емес, нақты іс қажет Read More »

НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ

Биыл кезектен тыс өткен Мәжіліс сайлауының нәтижесінде Парламентке 6 партия өтіп, 40 орынды “AMANAT”, қалған 29 орынды өзге саяси ұйым­дар өзара бөліскен болатын. Олардың ішінде саяси сахнада 20 жылдан астам жолды жүріп өтіп, бұл бағытта мол тәжірибе жинақта­ған, сөйтіп электораттың қолдауына сүйенген “Ақ жол” демократиялық партиясы 6 орынды иеленді. Ықпалды күш саналатын саяси ұйымның мемлекетіміздің …

НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ Read More »

ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮГІ АУЫР

Облыс әкімінің өкімімен Петропавл қаласының, Жамбыл және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандардың әкімдері тағайындалды. Өңір басшысы қалалық, аудандық актив отырыстарына қатысып, жиналғандарды жаңа тағайындалған әкімдермен таныстырды. Облыс орталығының басшысы болып бекітілген Серік Мұхамедиев құрылыс және коммуналдық-шаруашылық саласында жинақтаған тәжі­ри­бесі мол екенін атап көрсетіп, жаңа әкімге бірқатар маңызды тап­сырмалар жүктеді. Жедел түрде жүзеге асуы тиіс бірқатар жобалардың …

ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮГІ АУЫР Read More »