«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алимент төлемеген әйел

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Балалардың әлеуметтік қызмет көрсету орталығында төрт кәмелет­ке толмаған сәбиі тәрбиеленіп жат­қан әйел бірнеше жылдан бері олар­дың күнкөрісі үшін алимент төле­меген. Өңір полицейлері оның Ақ­мола облысындағы тұрғылықты же­рін анықтады. Әйелдің айтуынша, ол алимент төлемегені үшін іздеуде екен­дігінен бейхабар болған. Енді қарызды мәжбүрлеп өндіріп алу үшін іс сотқа беріледі.

Бұл жұмыс борышкерлерді, али­мент төлемейтіндерді және туыстық байланыстарын үзген адам­дар­ды іздестіру акциясы аясында жүргі­зілді. Маусым айының соңғы күндері көші-қон қызметінің қызмет­керлері барлық қолда бар есептер бойынша іздестірілгендерді күшей­тілген ре­жімде тексерді. Акцияның басында барлығы 66 іздестіру істі болды, оның 59-ы мемлекетара­лық іздес­тіруге жатады. Екі күн ішін­де 15 адам, оның ішінде айыппұл төлеме­ген немесе сот шешімін орында­маған 12 борышкер, алимент төле­мейтін 2 адам, туыстық байланысын жоғалтқан 1 адам анықталды.

Талғат ӘБІЛОВ,

көші-қон қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp