«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Орманға қорған қажет

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жыл басынан бері өңірімізде 18 орман өрті тіркеліпті. Қызыл жалынның кесірінен келген шығынның көлемі – 13 млн. теңге. Ормандарда өрт қауіпсіздігі ережесін бұзудың 48 дерегі анықталып, 1 млн. теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынған.

Облыстық табиғи ресурстар жә­не табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қарамағына 12 ор­ман шаруашылығы мекемесі және “Красный бор” жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылық кіре­ді. Мемлекеттік орман қоры жерлері­нің жалпы ауданы 549,5 мың гектар­ды құрайды. Мемлекет басшысы­ның арнайы тапсырмасымен өңір­дің орман мекемелері былтыр 1652 га алқапта 6,9 млн. дана қайың мен қарағай көшетін еккен. Биыл жоспар бойынша 4100 гектар жерге ағаш отырғызу қажет. Көктемде ор­маншылар 1643 га аумаққа 7,7 млн. көшет отырғызыпты.

Облыстық табиғи ресурстар жә­не табиғат пайдалануды реттеу бас­қармасының басшысы Бейбіт Ис­мановтың айтуынша, ормандарды өрттен және орман зиянкестерінен қорғау үшін өзара іс-қимыл жоспар­лары, әкімдіктің өрттің алдын алу ту­ралы қаулысы қабылданып, Ре­сейдің шекаралас облыстарындағы әріптестермен бірлескен жұмыс бо­йынша келісімдер жасалған. Зиян­кестер мен ауру ошақтарына орман-патологиялық мониторинг тұрақты түрде жүргізіліп отырады.

Қазіргі уақытта орман шаруашы­лықтарының материалдық-техникалық базасының 87 пайызы сақадай сай. Орман қорының аумағы 16 ин­терактивті бейнебақылау жүйесімен бақыланады және өрт жағдайын назарда ұстау үшін 2 дрон пайдала­нылады. Сондай-ақ орман шаруа­шы­лықтарында 16 өрт сөндіру стан­циясы, 25 өрт сөндіру автомаши­на­сы, 87 трактор, патрульдік авто­мо­бильдер мен радиобайланыс құ­ралдары бар.

Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp