«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Дәстүрге айналған дода

Диас Аяған

 esla9015@gmail.com

Өңірде велоспорттан ел чемпионаты басталды. 4 күнге жалғасатын спорт бәсекесіне еліміздің түкпір-түкпірінен 250-ге жуық велошабандоз қатысып жатыр. Бұл – велоспоршылардың Қызылжарда алғаш жиналуы емес. Солтүстік өңірде аталмыш деңгейдегі жарыстардың өтуі дәстүрге айналған. Мұны өз құттықтау сөзінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Асылбек Әлдименов те атап өтті.

– Облысымыз ел бойынша ве­ло­спорттан көш бастап тұр. Олим­пиадада алтын иеленіп, мерейі­мізді асырған Александр Вино­куровтан бастап бұл өңірден талай саңлақ шықты. Алексей Луценко, Артем Захаров сынды шабан­доздардың жетістіктері де осыған дәлел. Осындай жерге келген сіз­дер де аянып қалмай, жақсы нә­тиже көрсетесіздер деп сенемін, – дейді Асылбек Әлдименов.

4 кезең бойынша өтетін чем­пионатта қатысушылар 10, 20 ша­қырым қашықтықтарда бақтарын сынайды. Оларды жекелей, командалық, топтық деңгейде және алған ұпайлары бойынша баға­лайды. Чемпионаттың қорытын­ды­сы шілденің 9-ында белгілі бо­лады.

Чемпионатта өңір намысын қор­ғайтын жастардың бірі – Инван Джимма. Ол бұған дейін де бір­қатар додада жүлдегер атанған екен.

– Біздің облыстың атынан 10 ве­лошабандоз қатысамыз. Өзім­нің бұл салада жүргенімен 3 жыл­дан асты. Бұған дейін Қараған­ды­дағы жарыста топ жарған едім. Ба­бым келіссе, бүгін де мәреге бұ­рын жеткім келеді, – деді Инван Джимма.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp