«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Зейнеткерді алдаған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдың 76 жастағы тұр­ғы­нына біреулер қоңырау шалып, “Сіздің қызыңыз жол-көлік оқиғасының себепкері болды, оның кесірінен жүкті әйел өлім аузында жатыр”, – деп хабарласқан. Телефонның арғы жа­ғындағы бейтаныс өзін полиция қыз­меткері ретінде таныстырған. Оның айтуынша, апаттан зардап шек­кен әйелдің туыстары оларға үл­кен со­мада ақша төленген жағдайда арыз жазбауға келіскен. Күтпеген хабар­дан есеңгіреп қалған зейнет­кер келі­сіп, үйіне келген курьерге өзінің бар­лық жинап-терген 5,5 мил­лион теңге ақшасын беріп жіберген.

Көп ұзамай оның қызы үйге ке­ліп, дереу полицияға жүгінген. Тәртіп сақшы­ла­ры курьерді алысқа ұзатпай ұстады, ақша тәркіленді. Поли­цейлердің ай­туынша, оның Пет­ропавлда тіркелген тағы екі алаяқ­тық фактісіне қатысы болуы мүмкін. 17 жастағы кү­дік­ті кәмелетке тол­мағандығына бай­ланысты ата-анасының кепілдік бе­руімен босатылды. Бұл факті сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірың­ғай тізіліміне тіркелді.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp