«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Айыппұл — бір миллион теңге

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Маусым айының басында әлеуметтік желілерде Шал ақын ауданында 180 тоннадан астам аммиактың орман маңына тө­гілгендігі туралы ақпарат та­рады. Құзырлы органдар тексе­ріс жүргізді. Белгілі болғандай, бұл бассыздық “Asуl Farms” ЖШС-ның Шал ақын ауданы Афа­насьевка елді мекенінде орна­ласқан нысанында болған.

Облыстық экология департа­мен­ті­нің жоспардан тыс тексерісі нәти­же­сінде бірнеше заң бұзушылық анық­талды. Кәсіпорында КАС-32 сұйық тыңайтқышы төгілген. Бұл жа­йында қоршаған ортаны қорғауға қа­тысты уәкілетті органды дер кезінде хабардар етпеген. Заң­ға сәйкес мем­лекеттік экологиялық сараптама жүр­гізбеген.

Анықталған заң бұзушылық­тарға байланысты “Asуl Farms” ЖШС әкім­шілік жауапқа тартылып, 1 млн. 121 мың теңге айыппұл тө­лейтін болды.

Әкімшілік құқық бұзушылық тура­лы кодекстің 337-бабының 2-бөлігі эко­логия департаментінің құ­зы­ретіне жатпайтындығына байла­нысты тек­се­ру материалдары заң­на­маға сәй­кес тиісті шаралар қа­был­дау үшін об­лыстық жер ре­сурстарын басқару де­п­артаментіне жіберілген.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp