«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сарыарқа төріне саяхат

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ел кезіп, жер көріп, саяхат жасағанды жаны сүйетін адамдардың бірі – менмін. Жаңа достар, сыры ашылмаған жұмбақ жерлер, естен кетпес қызықты оқиғаларды бастан кешуді жаным ерекше қалап тұрады.

Табаным тиген алғашқы күн­нен-ақ құт мекен бауырына басып, іскерлердің, қызу да қарбалас тір­шіліктің, арман мен мақсаттың қаласы екендігін танытты. Еркелей сылдыр қаққан Есілдің толқындары жанға сая болып, өзіне баурай түсті.

Саяхатым айрықша қызықты болу үшін жоспар құрдым. Ойын-сауық құрып, сауда жасағанға қараған­да тарихымен терең танысып, ұлттық мәдени мұра жайлы көбірек білгім келді. Сондықтан ең бірінші бағыт Ұлттық мұражай бол­ды. Егер сіз елорданы тамашалауға алғаш келген болсаңыз, бірден мұражайға жол тартыңыз. Тарихтың тереңі­не үңіліп, уақытпен тілдесіп, құнды деректер мен жә­дігерлерді көзбен көріп, рухани азық алып қайтасыз. Тарихи ғимараттар мен көшелерді, жағалауды аралап көрсеңіз, мәдени-танымдық туризмге таптырмас орын еке­нін ұғасыз.

Елорда қарқынды даму үстін­де. Астана шағын қаладан заманауи мегаполиске айналды. Көпте­ген университеттер, мұражайлар мен театрлар ашылып, Қазақстанның ірі экономикалық және мәдени орталығы деген атауға әбден лайық­ты болды. Осылайша ерке Есіл­дің бойында іргетасы қаланған қала бүгінде елдің ордасына айналып отыр.

Жастар үшін махаббаттың, жа­сампаздықтың, достықтың, сұлулық­тың, саяси ерік-жігердің симво­лына айналған қалада сәулет өне­рінің теңдессіз үлгілері бой көтерген. Жасампаз қаланың сырына қаныққаннан кейін тағы да жолға шықтым. Себебі жиһанкездікке құ­мар жаным тыныштық бермей, әлемнің басқа да кереметтеріне қарай жол тарттым…

Әйгерім ЕЛУБАЙҚЫЗЫ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp