«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 10.07.2023

ҚҰЛАҚТАН КІРІП, БОЙДЫ АЛҒАН

Қызылжарлықтар тағатсыздана күт­кен “Qyzyljar music fest – 2023” фес­тивалінің шымылдығы этно­музы­камен ашылды. Ұлттық өнер – өміршең қазына. Оның та­мыры тереңде жатыр. Бүгінде осы бай мәдени мұраны сақтап, қазақ хал­қының төл дәстүрін терең меңге­ріп қана қоймай, халық музыкасы ар­қылы ұлттық құндылықтарды жаң­ғыртуға болады. Сондықтан өңір тұр­ғындарының көзайымына айналған “Qyzyljar music fest – 2023” фестива­лі­нің мәні де, …

ҚҰЛАҚТАН КІРІП, БОЙДЫ АЛҒАН Read More »

Қасқыр ішік

Облыстық тарихи-өлкетану му­зейіндегі әр жәдігердің тарихы қы­зық. Сондай бағалы мұралармен қо­рымызды байытқан Қазақстанның құр­метті журналисі, Солтүстік Қазақ­стан облысының құрметті аза­маты, марқұм Амандық Жантеміров 2020 жылдың желтоқсанында жур­налис­тика саласында қызмет етіп жүрген кезінде қолданған фотоап­паратын, қаламынан туған 2 кітабын, әкесінің көзіндей көріп, 67 жыл сақтаған қасқырдың терісінен тігілген ішікті “Музейге сый” акциясы ая­сында табыстаған еді. Отбасылық …

Қасқыр ішік Read More »

Көпсайыста көш бастады

3-7 шілде аралығында елорда төрінде Президенттік көпсайыстан республика чемпионаты өтті. Ел бойынша жүзден астам спортшы бақ сынаған бәсекеде өңір намысын Ұлттық ұлан академиясының офицерлері қорғады. Қатысушылар жарыс бағдарламасына сай пневматикалық мылтық ату, белтемірге тартылу және жүгіру бойынша сынға түсті. Жоғары деңгейде өткен жарыста спортшыларымыз ерік-жігерімен, төзімділігімен көзге түсті. Жарыс қорытындысы бойын­ша жалпыкомандалық есепте бі­рінші орынды …

Көпсайыста көш бастады Read More »

Саусақ ізі — дерек көзі

2024 жылдың 1 қаңтарынан жеке куәлік, паспорт, шетелдіктің Қазақстанда тұруына рұқсат ете­тін ықтиярхат беру кезінде оның иесінен саусақ іздері алын­бақ. “Жадының сыйымдылығы кемінде 64 Кб болатын микросхе­мада Қазақстан Республикасы аза­матының, оның ішінде азаматтығы мен заңды мекен­жайы, фотосуреті мен қолы, 16 жасқа толған және “Дактилоско­пиялық және геномдық тіркеу туралы” 2016 жылғы 30 желтоқ­сандағы ҚР Заңында белгіленген …

Саусақ ізі — дерек көзі Read More »

Арзан мүлікке қызықпа

Облыс полицейлері адамдар­дан күмәнді мүлікті сатып алмауды сұрайды. Егер ол ұрланған болса, заңды иелеріне қайтару үшін тәркіленеді. Петропавл қаласында үш адам 18, 20 және 25 мың теңгеге сатып алған “Forward”, “Focus” және “E-Friend” велоси­педтерінен айы­рылды. Белгілі бол­ғандай, үш велосипед те Жамбыл көшесіндегі көппәтерлі үйлердің кіреберісінен ұрланған. Мүліктік қыл­мыстар үшін сот­талған 42 жастағы петро­павлдық есігі ашық …

Арзан мүлікке қызықпа Read More »

ӨҢІРДІҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ

Петропавлда қала күніне орай ұйымдастрылған шара­лардың бірі “Қазақстанның үздік тауары” байқау-көрмесі мен “Бір ауыл – бір өнім” жобасына қатысушылардың көрмесі болды. Жеңімпаздарды облыс әкімінің орынбасары Сәт­жан Аблалиев марапаттады. “Қазақстанның үздік тауары” көр­ме-байқауы биыл тоғызыншы рет өт­кізілуде. Бұл жолы солтүстікқазақ­стандық кәсіпкерлер азық-түлік, жиһаз, киім-кешек, ыдыс-аяқ, кәдесыйлар, сондай-ақ химия­лық және құрылыс саласына қажетті тауарлар­ды ұсынды. Облыстық кә­сіпкерлер …

ӨҢІРДІҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ Read More »

Онлайн қолжетімді

“eGov Mobile” мобильді қосым­шасында жаңа цифрлық құжат – колледж дипломы қолжетімді. Кол­ледж дипломы – арнаулы орта бі­лімнің бар екендігін куәландыратын құжат. Енді сіз осы цифрлық құжатты “eGov Mobile” қосымшасы орна­тыл­ған смартфонмен электронды түрде ұсына аласыз. – “eGov Мobile” қосымшасының жетістіктерінің бірі – “Цифрлық құ­жат­тар” сервисі. Осы сервистің кө­мегімен қолданушылар цифрлық құ­жаттарды әрқашан ұялы телефон­нан көрсете …

Онлайн қолжетімді Read More »

Отбасын ойрандайтындармен күрес

Облыстық полиция департамен­тінде биылғы жартыжылдықтың қо­рытындысы бойынша жедел кеңес өтті. Жиналысқа бейне байланыс арқылы облыстың барлық аумақтық полиция бөлімше­лері қатысты. Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов Ішкі істер ми­нистрлігі алқасының шешімімен та­ныстырып, құқықтық тәртіпті қамта­ма­сыз ету­дегі негізгі мәселелерге тоқтал­ды. Әсіресе елдегі отбасы­лық-тұр­мыстық зорлық-зомбылықтың жо­ғары деңгейіне баса назар ауда­рылды. Жыл басынан бері облысымыз­да отбасылық-тұрмыстық …

Отбасын ойрандайтындармен күрес Read More »

Шаруаға арналған несие

Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешенін қаржылан­дыруға арналған несие беру тәртібін жария етті. Қазір құжат жобасы “Ашық үкімет” порталында талқы­лауға ұсынылған. Жаңадан кəсіп ашқан немесе байырғы кəсібін кеңейткісі келген ел аза­маттары енді бұл мақсатқа несие ресімдей алады. Əсіресе тауарлы-сүт фермаларына (400 бас­тан басталады), ет өндіретін құс фаб­рикаларына (жылына 5 мың тонна құс еті), көкөніс сақтауға (1000 …

Шаруаға арналған несие Read More »

АЙЫМЖАН — АҢЫЗ МЕКЕН

Жамбыл ауданындағы Айымжан ауылы өзі аттас көлдің жағасында орналасқан. Бәрінен бұрын көздің жауын алатын, көлденең көзді сұқтандырмай қоймайтын сұлу табиғатын айтсаңшы! Ата-бабамыздың тұрмыс-салты мен тарихын індете зерттеп жүрген жергілікті өлкетанушылар жинастырған деректерге үңілсек, осынау елді мекен жайлы небір тылсым сырларды көкейге түюге болады. Соның аңызға бергісіз мысқалдай мысалы мынандай. Ай десе аузы, күн десе көзі …

АЙЫМЖАН — АҢЫЗ МЕКЕН Read More »

ПӘЛЕН ЖЕРДЕ АЛТЫН БАР…

Айбек БЕКЕНОВ. 43 жаста. Осымен үшінші рет пәтер иесі келіп, жалға алу құнының қымбатта­ғанын айтып кетті. Тапқанымыз он­сыз да күнделікті шығындардан ар­тылмай жатқанда мұнысы жығыл­ғанға жұдырық болды. Бірақ соңғы жылдары жақын туысымызға айна­лып кеткен орыс әжейге де ренжи алмаймыз. Алғашында жағдайы­мыз­ды түсініп, үш баламызбен 2 бөл­мелі пәтерін паналатты. Өзгелер құ­сап аяқасты есік тарсылдатып, тексеріп келуді …

ПӘЛЕН ЖЕРДЕ АЛТЫН БАР… Read More »

Сапасы жоғары, бағасы арзан

Облыс орталығында кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Бұл жолы қала тұрғындарына өз өнімдерін алты аудан ұсынды. Жәрмеңкеге өңірдегі ірі ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу кәсіпорындары қатысты. Қызылжарлықтар керек-жарағын сатып алып жатқан жәрмеңкеге облыс әкімі Айдарбек Сапаров барды. Сатушылармен тілдесіп, сөреде тұрған өнімдердің сапасына назар аударды. Сауда-саттық Жамбыл көше­сі бойындағы Спорт сарайының ма­ңындағы алаңда ұйымдасты­рылды. Таңертең …

Сапасы жоғары, бағасы арзан Read More »

ЖЕРДІҢ ИГІЛІГІН ХАЛЫҚ КӨРСІН

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жер жəне оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да та­биғи ресурстар халыққа тиесілі. Ха­лық атынан меншік құқығын мем­лекет жүзеге асырады. Жер, сон­дай-ақ заңда белгіленген негіздер­де, шарттар мен шектерде жеке мен­шікте де болуы мүмкін. Қазақстан Республикасының Жер заңнамасы мынадай қағи­даттарға негізделеді: Қазақстан Республикасы аума­ғының тұтастығы, қол сұғылмаушы­лығы және бөлiнбейтiндiгi; …

ЖЕРДІҢ ИГІЛІГІН ХАЛЫҚ КӨРСІН Read More »

Хош иісті құлпынай

Құлпынай – дәмді де хош иісті жидек. Қып-қызыл жидектің өсімталдығы бағбанына байла­нысты. Оның бабын таба білетіндердің бірі – Хабиба Абдрахманова. Ол құлпынай өсірумен қырық жылдан аса уақыт айналысып келеді. Қазір жасы жетпіске жетсе де, сүйікті ісін тас­тамай келеді. “Біріншіден, денсаулыққа пайдалы қимыл, екіншіден, сүйікті іс, үшіншіден, отба­сы бюджетіне көмек”, – деп жер бауыры жіпсігеннен бастап, …

Хош иісті құлпынай Read More »

ТЫҢ ӨЗГЕРІСТЕР ҮМІТ ҰЯЛАТАДЫ

Мемлекет басшысы Қа­сым-Жомарт Тоқаев жыл са­йынғы Жолдауларында, Ұлттық құрылтайдың отырыстарында түйінді мәселелер туралы нақты айтылды. Қасиетті де киелі Түркістан төрінде халқы­мызды ортақ мақсатқа жұмыл­дыратын бірегей құрылым ретінде өткен құрылтайда қабылданған маңызды шешімдер жұртшылықтың көкейінде жүрген сауалдармен үнде­сіп, өзгеше тұрғыда өрбіді. Прези­дент “Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам” Жолдауында Әділетті Қазақстанды құру ісі енді ғана басталғанын, …

ТЫҢ ӨЗГЕРІСТЕР ҮМІТ ҰЯЛАТАДЫ Read More »

БІРЛІГІ БЕКЕМ ЕЛ МЫҚТЫ

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының дәстүрлі сессиясы өтті. Осымен 32-ші рет өтіп отырған жиын барысында әдеттегідей ел бірлігін нығайту, қоғамдық келісімді сақтау жайы сөз болды. Еліміздің барлық азаматының басын құраушы күш саналатын мемлекеттік тіл жайы да айтылды. Жиынға облыс әкімінің орын­баса­ры Сәтжан Аблалиев төрағалық етіп, өңірдегі этномәдени бірлестіктердің жұмысы жайлы әңгіме қозғады. – Мен сіздерге облыстағы …

БІРЛІГІ БЕКЕМ ЕЛ МЫҚТЫ Read More »

Ішкі туризм талпыныстары

Қызылжар өңіріне жұмыс сапары­мен келген Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Айыртау ауданында болып, жұрт­шылықпен кездесу барысында отан­дық туризмді дамыту жайын қозғады. Бірқатар өзекті мәселелер ашық талқыланды. Вице-министр жыл басынан бері өңірге 24 мыңнан астам турист келгенін атап өтті. Оларға көрсе­тілген қызмет көлемі 360 млн. тең­гені құрайды, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыс­тырғанда 28 …

Ішкі туризм талпыныстары Read More »

АСҚАҚТАЙ БЕР, АСТАНА, КӨРКЕЙЕ ТҮС, ҚЫЗЫЛЖАР!

Жылдағы дәстүрге сәйкес, ел болып Астана күнін атап өттік. Биыл жер жәннаты Жетісудан Сарыарқаның сайын даласына көшірілген елорданың 25 жылдық мерейтойы ерекше тойланды. Төрт күн демалыста облыс орталығы мен аудандарда түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Мереке күні әдеттегідей Петро­павлдың басты алаңында жинал­ған қауымның қарасы қалың болды. – Биыл бас қаламыздың астана атанғанына 25 жыл толып отыр. …

АСҚАҚТАЙ БЕР, АСТАНА, КӨРКЕЙЕ ТҮС, ҚЫЗЫЛЖАР! Read More »

САҚТАНДЫРУ ТАЛАПТАРЫ

2024 жылдан бастап бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) алынып тасталады. “2024 жылы бұл төлем түрі болмаса, өзін-өзі жұмыспен қамты­ғандар МӘМС төлемдерін қалай төлейді? Бұл медициналық сақтандыру қорының шешімі ме?” – деген сауалдардың жа­уабын Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры стра­тегия департаментінің директоры Дамир Көбжасаров айтып берді. Дамир Көбжасаровтың айтуын­ша, бірыңғай жиынтық төлемді алып тастау Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының …

САҚТАНДЫРУ ТАЛАПТАРЫ Read More »