«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САҚТАНДЫРУ ТАЛАПТАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2024 жылдан бастап бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) алынып тасталады. “2024 жылы бұл төлем түрі болмаса, өзін-өзі жұмыспен қамты­ғандар МӘМС төлемдерін қалай төлейді? Бұл медициналық сақтандыру қорының шешімі ме?” – деген сауалдардың жа­уабын Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры стра­тегия департаментінің директоры Дамир Көбжасаров айтып берді.

Дамир Көбжасаровтың айтуын­ша, бірыңғай жиынтық төлемді алып тастау Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының шешімі емес. БЖТ жеке кәсіпкер ретінде тіркелме­ген өзін-өзі жұмыспен қамтыған аза­мат­тар үшін бес жылға (2019 жылдың 1 қаңтарынан 2023 жылдың 1 қаң­­тарына дейін) уақытша енгізілген әрі оны тек жеке қосалқы шаруа­шы­лық өнім­де­рін сататын және қыз­меттер көрсететін жылдық табысы 1175 айлық есеп­тік көрсеткіштен ас­пайтындар төлей ала­тын. Басқа жағдайда бұл төлемді пай­далануға бол­майды. Алайда бұл нор­маны жұмыссыз әрі тұрақты жұмысы жоқ аза­маттар, бала күтімі бойынша бір жарым жасқа дейінгі әлеуметтік төлем­дерді алу үшін жүкті әйелдер пай­даланып келеді.

Бірыңғай жиынтық төлем респуб­ликалық және облыстық маңызы бар қала тұрғындары үшін бір айлық есеп­тік көрсеткіш көлемін және басқа елді ме­кендердің азаматтары үшін 0,5 АЕК құрайды. Яғни биыл БЖТ мөлше­рі тиісінше 3450 теңге және 1725 теңге.

Бірыңғай жиынтық төлем төлеу­ші ретінде тіркелудің артықшылығы өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат­тарды БЖТ төлемегені үшін қандай да бір жауапкершілікке тарту шарасы қарастырылмайды. Алайда өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам бірыңғай жиынтық төлемнің бір айын уақтылы төлемесе, сақтандыру мәртебесінен айрылады. Сондықтан ай сайын тө­лем уақытын өткізіп алмау маңызды немесе алдағы кезеңдерге алдын ала төлем жасау керек.

– Бірыңғай жиынтық төлемнің не­гізгі және жалғыз мақсаты – өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды мін­­детті әлеуметтік медициналық сақ­тандыру, әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру жүйелеріне тарту. Қазір жеке тұлға­лар­дың табысын декларациялау кезең-кезеңімен енгізілу үстінде. Бұ­рын кәсібін тіркемеген азаматтар кә­сіпкер ретінде тіркеліп немесе жал­да­малы қызметкер болып жұмыс іс­теуі керек, – деді Дамир Көбжасаров.

БЖТ төлеген азаматтар әрі қа­рай дербес төлеуші ретінде төлем жа­сай алады (2023 жылы – 3500 теңге). Осы жерде ескеретін жайт, азамат­тардың сақтандыру мәртебесі болуы үшін, МӘМС туралы заңға сәй­кес, 12 айға төлемі болуға тиіс. Егер БЖТ төлеушілердің өткен 1 жылға тө­лемі болса, 2024 жылдан бастап әр ай сайын дербес төлеуші ретінде тө­лем жасай алады. Ал толық 12 айға тө­лем жасалмаса, мысалы үстіміз­де­гі жылы жеті айға төлемі болса, аза­маттар төленбеген 5 айға дербес тө­леуші ретінде әр айға 3500 теңгеден төлеп шыға алады. Келесі жылдан бастап ай сайын жарна төлей береді. Ал биылғы 3-4 айға БЖТ төлеген адамдарға алдағы 12 айға төлем жа­сап, 1 жылға алдын ала сақтан­ды­ру мәртебесін алған тиімді.

Дамир Көбжасаровтың айтуын­ша, тұрақты табысы жоқ ауыл тұр­ғын­дарының МӘМС жүйесінен тыс қа­лу қаупі бар. Қазір осыған байланыс­ты ауылдық аймақтарда түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Әзірше, азаматтар алдағы бес айда БЖТ-ны төлей береді. 2024 жы­лы сақтандыру мәртебесін жо­ғалтпау үшін азаматтар жеке кәсіп­кер ретінде тіркеліп немесе дербес төлеуші ретінде жарна төлейді.

Төлем Қазақстанның кез келген банкінде, банктердің мобильді қо­сымшалары арқылы және “Қазпош­та” бөлімшелерінде қабылданады. Тө­лем жасау кезінде ақша аудары­ла­тын адамның жеке сәйкестендіру нө­мірін, төлем жасалатын айды көрсету керек.

Егер сіздің сұрақтарыңыз болса немесе медициналық көмек алуда қиындықтар туындаса, өз ем­хана­ңыздағы “Пациенттерді қолдау қыз­метіне” жүгініңіз. Ал ол жерде мар­дымды жауап ала алмасаңыз, қор­дың өзіңізге мынандай ыңғайлы арналары бойынша өтініш-шағымдарыңызды қалдыра аласыз:

– “fms.kz” ресми сайты:

– “Qoldau 24/7” мобильді қосым­шасы;

– “Telegramдағы” “Saqtan­dyrý­Bot”;

– 1414 бірыңғай байланыс орта­лығы.

Сондай-ақ Электронды үкіметтің “egov.kz” сайтындағы “Денсаулық сақ­тау” бөлімінде “Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат ұсыну” мемлекеттік қызметі арқылы медициналық сақ­тандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеруге және жүргізілген төлемдер туралы ақпарат алуға болады.

Қарлығаш ІЛИЯСОВА,

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp