«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қасқыр ішік

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық тарихи-өлкетану му­зейіндегі әр жәдігердің тарихы қы­зық. Сондай бағалы мұралармен қо­рымызды байытқан Қазақстанның құр­метті журналисі, Солтүстік Қазақ­стан облысының құрметті аза­маты, марқұм Амандық Жантеміров 2020 жылдың желтоқсанында жур­налис­тика саласында қызмет етіп жүрген кезінде қолданған фотоап­паратын, қаламынан туған 2 кітабын, әкесінің көзіндей көріп, 67 жыл сақтаған қасқырдың терісінен тігілген ішікті “Музейге сый” акциясы ая­сында табыстаған еді. Отбасылық жәді­герге айналған қасқыр ішіктің оқи­ғасы адам баласын қызықтырмай қоймайды.

Оқиға 1953 жылғы наурыз айы­ның бе­сін­ші жұлдызында болған. Амандық Жантемі­ров небәрі 9 жаста ғана. Көк­темнің алғашқы айы бас­талғанымен теріскейдің қытымыр қысының қаһа­ры әлі қайта қоймаған шақ. Жамбыл ауданындағы Қара­қамыс ауылында тұратын аш қас­қырлар ауылға ша­уып, Жантеміров­тердің үйінің алды­на келеді. У-шуды естіп сыртқа шық­қан үйдегілер итке айбар шегіп тұр­ған қасқырдың үсті­нен түседі.

– Қайдан қолына түскенін біл­мей­мін, әкем сыпырғышты алып қас­қырдың аузына тығып жіберді. Со­сын маған айырды алып қасқырдың мойнына сұқ деп айтты. Мен баламын, бірнеше рет талпындым күшім келмеді. Содан әкем қолымнан айыр­ды жұлып алып, өзі қасқырдың мойнына сұқты, – деген еді әкесінің ба­тылдығын баяндаған Амандық Жан­теміров.

Кеңес үкіметі кезінде де дәл бү­гінгідей қасқыр аулағандарға жаза қатаң болыпты. Сондықтан те­ріні сандықтың ішіне жасырып қоя­ды. 20 жыл өткен соң қасқырдың тағы 3 терісін сатып алып, ішік тіккен екен.

– Қасқыр ішікті әкемізге тіктірдік. Дүниеден өтерде ішікті маған қал­дыр­ды. Белім ауыратын, қасқырдың емдік қасиеті бар деп берді, – дейді әке мирасын жалғанның алтынмен көмкерілген дүниелерінен жоғары қойған марқұм.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp