«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕРДІҢ ИГІЛІГІН ХАЛЫҚ КӨРСІН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жер жəне оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да та­биғи ресурстар халыққа тиесілі. Ха­лық атынан меншік құқығын мем­лекет жүзеге асырады. Жер, сон­дай-ақ заңда белгіленген негіздер­де, шарттар мен шектерде жеке мен­шікте де болуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының Жер заңнамасы мынадай қағи­даттарға негізделеді:

Қазақстан Республикасы аума­ғының тұтастығы, қол сұғылмаушы­лығы және бөлiнбейтiндiгi;

жердi табиғи ресурс, Қазақстан Республикасы халқының өмiрi мен қызметiнiң негiзi ретiнде сақтау;

жердi қорғау және ұтымды пай­далану;

экологиялық қауiпсiздiктi қамта­ма­сыз ету;

жердi нысаналы пайдалану;

ауыл шаруашылығы мақсатын­да­ғы жердiң басымдығы;

жердiң жай-күйi және оған қол­жетiмдiлiк туралы ақпаратпен қам­та­масыз ету;

жердi пайдалану мен қорғау жө­нiндегi iс-шараларды мемлекеттiк қолдау;

жерге залал келуiн болдырмау немесе оның зардаптарын жою;

жердi ақылы пайдалану прин­циптерiне негiзделедi.

Жер учаскелерін пайдалану кезінде жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар жерді нысаналы мақсатына немесе функционалдық аймағына сәйкес елді мекендердің жерлерінде, уа­қытша жер пайдалану кезінде, оның ішінде жалдау шартына (уақытша өтеусіз жер пайдалану шартына) сәй­кес пайдалануы тиіс.

Егер шаруа немесе фермер қо­жалығының ауыл шаруашылығы өнді­рісін жүргізуге арналған жер учас­кесі пайдаланылмау фактісі бас­тапқы анықталған кезден бастап бір жыл ішінде мақсаты бойынша пай­даланылмаса, онда мұндай жер учаскесі осы кодекстің 94-бабында көз­делген тәртіппен мәжбүрлеп алып қоюға жатады.

Қазақстан Республикасы Прези­дентінің пайдаланылмайтын және заңнаманы бұза отырып берілген жерлерді алып қою жөніндегі тап­сырмасын іске асыру мақсатында Солтүстік Қазақстан облысында пайдаланылмайтын және еліміздің заңнамасын бұза отырып берілген жерлерді алып қою жөніндегі ве­домствоаралық кіші топ құрылды, осы топтың құрамына мүдделі та­раптар, оның ішінде құқық қорғау органдары кірді. Сондай-ақ орындау мерзімдері мен жауапты орын­даушылары бар нақты іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді.

2022 жылы жүргізілген жұмыс­тар­дың қорытындысы бойынша 304,1 мың га пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері мем­лекеттік меншікке қайтарылды, бұл жоспардың 101,4 пайызы (300 мың га) құрайды, оның ішінде 23,5 мың га егістік, 260,3 мың га жайылым қай-тарылды. Бұл бағыттағы жұмыс­тар жалғасуда. Осы жылдың басы­нан бастап 86,1 мың га мемлекет мен-шігіне қайтарылды, жыл соңына дейін 330 мың га жерді қайтару жос-пар­лануда.

Облыстық жер ресурстарын бас­қару жөніндегі департамент 2022 жылы берілген нұсқамаларды орын­дамаған жағдайда, 258,7 мың гектар алқаптағы 51 ауыл шаруашылығы құрылымынан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мәжбүрлеп алып қою бойынша сотқа талап арыз берді, оның ішінде егістік – 96,8 мың гектар, жайылым – 161,9 мың гектар.

Мемлекеттік меншікке қайта­рыл­ған пайдаланылмайтын жерлер жайылым жетіспейтін елді ме­кен-дерге беріледі. 2023 жылғы 1 қаң­тардағы мәліметке сәйкес облыс бойынша жайылымдардың тапшы-лығы 538,5 мың га құрады. Жүргі-зілген жұмыстардың нәтиже­сін­де 591,1 мың га алқаптағы жайы­лым-дар ұлғайтылды, бұған 114,4 мың га алқаптағы бос жер­лерден және мемлекет меншігіне қайтарылған пайдаланылмайтын жерлерден елді мекендердің жер­леріне жайы-лымдар бөлу арқылы қол жеткізілді, 476,7 мың га алаңда ауыл шаруа-шылығы құрылымда­рымен мемо-рандумдар жасалды.

Мәселен, Ақжар ауданында 10 елді мекенде 29,3 мың га алаңда жайылымдар ұлғайтылды, Тал­шық­та (Талшық ауылы, Қазан ауылы) жайылымдар 15,6 мың га, Қулы­көлде (Қарашілік, Қулыкөл ауылда­ры) 7,6 мың га, Ленинградта (Қызыл ту ауылы) 1,9 мың га, Май ауылдық округінде (Майское ауылы) 2,0 мың гектарға ұлғайтылды.

Осы ауданда жайылымдармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалпы ауданы 24,0 мың га болатын тағы 5 елді мекенде жалғасуда, 10 мың га алаңдағы елді мекендерге (Қарашілік, Қулыкөл ауылдары) қо­сымша жайылымдар беріледі.

Ауыл шаруашылығы мақсатын­дағы пайдаланылмайтын жерлерді алып қою, жайылымдық жерлерді халықтың пайдалануына беру мә-селелері облыс әкімдігінің ерекше бақылауына.

Мейрам МЕҢДІБАЕВ,

облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp