Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жер жəне оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Жер заңнамасы мынадай қағидаттарға негізделеді:
Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және бөлiнбейтiндiгi;
жердi табиғи ресурс, Қазақстан Республикасы халқының өмiрi мен қызметiнiң негiзi ретiнде сақтау;
жердi қорғау және ұтымды пайдалану;
экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
жердi нысаналы пайдалану;
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердiң басымдығы;
жердiң жай-күйi және оған қолжетiмдiлiк туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;
жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi iс-шараларды мемлекеттiк қолдау;
жерге залал келуiн болдырмау немесе оның зардаптарын жою;
жердi ақылы пайдалану принциптерiне негiзделедi.
Жер учаскелерін пайдалану кезінде жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар жерді нысаналы мақсатына немесе функционалдық аймағына сәйкес елді мекендердің жерлерінде, уақытша жер пайдалану кезінде, оның ішінде жалдау шартына (уақытша өтеусіз жер пайдалану шартына) сәйкес пайдалануы тиіс.
Егер шаруа немесе фермер қожалығының ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған жер учаскесі пайдаланылмау фактісі бастапқы анықталған кезден бастап бір жыл ішінде мақсаты бойынша пайдаланылмаса, онда мұндай жер учаскесі осы кодекстің 94-бабында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп алып қоюға жатады.
Қазақстан Республикасы Президентінің пайдаланылмайтын және заңнаманы бұза отырып берілген жерлерді алып қою жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында Солтүстік Қазақстан облысында пайдаланылмайтын және еліміздің заңнамасын бұза отырып берілген жерлерді алып қою жөніндегі ведомствоаралық кіші топ құрылды, осы топтың құрамына мүдделі тараптар, оның ішінде құқық қорғау органдары кірді. Сондай-ақ орындау мерзімдері мен жауапты орындаушылары бар нақты іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді.
2022 жылы жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша 304,1 мың га пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері мемлекеттік меншікке қайтарылды, бұл жоспардың 101,4 пайызы (300 мың га) құрайды, оның ішінде 23,5 мың га егістік, 260,3 мың га жайылым қай-тарылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Осы жылдың басынан бастап 86,1 мың га мемлекет мен-шігіне қайтарылды, жыл соңына дейін 330 мың га жерді қайтару жос-парлануда.
Облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі департамент 2022 жылы берілген нұсқамаларды орындамаған жағдайда, 258,7 мың гектар алқаптағы 51 ауыл шаруашылығы құрылымынан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мәжбүрлеп алып қою бойынша сотқа талап арыз берді, оның ішінде егістік – 96,8 мың гектар, жайылым – 161,9 мың гектар.
Мемлекеттік меншікке қайтарылған пайдаланылмайтын жерлер жайылым жетіспейтін елді мекен-дерге беріледі. 2023 жылғы 1 қаңтардағы мәліметке сәйкес облыс бойынша жайылымдардың тапшы-лығы 538,5 мың га құрады. Жүргі-зілген жұмыстардың нәтижесінде 591,1 мың га алқаптағы жайылым-дар ұлғайтылды, бұған 114,4 мың га алқаптағы бос жерлерден және мемлекет меншігіне қайтарылған пайдаланылмайтын жерлерден елді мекендердің жерлеріне жайы-лымдар бөлу арқылы қол жеткізілді, 476,7 мың га алаңда ауыл шаруа-шылығы құрылымдарымен мемо-рандумдар жасалды.
Мәселен, Ақжар ауданында 10 елді мекенде 29,3 мың га алаңда жайылымдар ұлғайтылды, Талшықта (Талшық ауылы, Қазан ауылы) жайылымдар 15,6 мың га, Қулыкөлде (Қарашілік, Қулыкөл ауылдары) 7,6 мың га, Ленинградта (Қызыл ту ауылы) 1,9 мың га, Май ауылдық округінде (Майское ауылы) 2,0 мың гектарға ұлғайтылды.
Осы ауданда жайылымдармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалпы ауданы 24,0 мың га болатын тағы 5 елді мекенде жалғасуда, 10 мың га алаңдағы елді мекендерге (Қарашілік, Қулыкөл ауылдары) қосымша жайылымдар беріледі.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлерді алып қою, жайылымдық жерлерді халықтың пайдалануына беру мә-селелері облыс әкімдігінің ерекше бақылауына.
Мейрам МЕҢДІБАЕВ,
облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы.