«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Көпсайыста көш бастады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

3-7 шілде аралығында елорда төрінде Президенттік көпсайыстан республика чемпионаты өтті. Ел бойынша жүзден астам спортшы бақ сынаған бәсекеде өңір намысын Ұлттық ұлан академиясының офицерлері қорғады. Қатысушылар жарыс бағдарламасына сай пневматикалық мылтық ату, белтемірге тартылу және жүгіру бойынша сынға түсті. Жоғары деңгейде өткен жарыста спортшыларымыз ерік-жігерімен, төзімділігімен көзге түсті.

Жарыс қорытындысы бойын­ша жалпыкомандалық есепте бі­рінші орынды Солтүстік Қазақстан облысының спортшылары иелен­ді. 21-23 және 40-49 жас аралы­ғындағы топтарда Ұлт­тық ұлан академиясының офи­церлері лей­тенант Иван Андреев пен под­полковник Мақсат Нүсіпов бірінші орынға ие болып, жарыстың чем­пиондары атанды. Бұл Ұлттық ұлан академиясының аталмыш байқаудағы алғашқы жеңісі емес. Әскери кадрлар ұстаханасына айналған оқу орнының курсант­тары мен офицерлері чемпионат­тарында және халықаралық дең­гейдегі бас­қа да жарыстарда топ жарып жүр.

Олжас ӘДІЛБЕК,

Ұлттық ұлан академиясының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp