«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Саусақ ізі — дерек көзі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2024 жылдың 1 қаңтарынан жеке куәлік, паспорт, шетелдіктің Қазақстанда тұруына рұқсат ете­тін ықтиярхат беру кезінде оның иесінен саусақ іздері алын­бақ. “Жадының сыйымдылығы кемінде 64 Кб болатын микросхе­мада Қазақстан Республикасы аза­матының, оның ішінде азаматтығы мен заңды мекен­жайы, фотосуреті мен қолы, 16 жасқа толған және “Дактилоско­пиялық және геномдық тіркеу туралы” 2016 жылғы 30 желтоқ­сандағы ҚР Заңында белгіленген жағдайлар бойынша 12 жастан асқан құжат иесінің саусақ іздері туралы графикалық және мәтіндік ақпарат қорғалған түрде сақта­лады”, – делінген “Ашық НҚА” пор­талында жарияланған Ішкі істер министрінің бұйырық-жобасында.

Сондай-ақ құжатта жазыл­ғандай, саусақ іздері азамат­тар­дың жеке куәлігінде, шетелдіктің Қазақстанда тұруына рұқсат ете­тін ықтиярхатында, азаматтығы жоқ адамның куәлігіне де орна­лас­тырылады. “Бұл – “Дактилос­копиялық және геномдық тіркеу туралы” 2016 жылғы 30 желтоқ­сандағы ҚР Заңына сәйкес 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап саусақ ізін тіркеу талабының күшіне енуіне байланысты болып отыр. Құжат 20 шілдеге дейін көпшілік талқылауда болады.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp