«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЫҢ ӨЗГЕРІСТЕР ҮМІТ ҰЯЛАТАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекет басшысы Қа­сым-Жомарт Тоқаев жыл са­йынғы Жолдауларында, Ұлттық құрылтайдың отырыстарында түйінді мәселелер туралы нақты айтылды. Қасиетті де киелі Түркістан төрінде халқы­мызды ортақ мақсатқа жұмыл­дыратын бірегей құрылым ретінде өткен құрылтайда қабылданған маңызды шешімдер жұртшылықтың көкейінде жүрген сауалдармен үнде­сіп, өзгеше тұрғыда өрбіді. Прези­дент “Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам” Жолдауында Әділетті Қазақстанды құру ісі енді ғана басталғанын, бұл бағдарымыз ешқашан өзгермейтінін, ішкі және сыртқы ахуал қандай болса да жал­ғаса беретінін мәлімдесе, бұл жолы негізгі саяси институттардың бәрі қай­та жаңғырып, жаңаратынын, ашық бәсекелестік орныққан және бәріне тең мүмкіндік берілетін қоғам құра отырып, ауқымды саяси өзгерістер ашықтық, әділдік, өзара сенім арқы­лы жүзеге асатынын атап өтті. Қа­сым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде: “Би­ліктің басты институттары қысқа мерзім ішінде мүлде басқаша сипат­қа ие болды. Шешім қабылдау үдері­сі­не азаматтардың қатысу мүмкіндігі едәуір кеңейді. Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесі нығай­ды. Осының бәрі еліміздің саяси құрылымын орнықты және тиімді етіп қайта құруға септігін тигізді. Барын­ша әділ, ашық бәсекеге лайық жүйе қалыптасты”, – дей келіп, ауқымды саяси жаңғыру жоспары рет-ретімен орындалатынын қадап айтты.

Тайыншалықтар да реформалардың табысты орындаларына еш күмән келтірмейді. Алдыңғы жылдармен салыстырғанда, өнімдері сыртқы нарыққа бағдарланған өнді­ріс орындары көбірек орналасқан ауданымыздың әлеуметтік-эконо­микалық, инвестициялық әлеуеті орнық­ты дамып, тың өзгерістерге арқау болатын ауқымды жобалар іске қо­сылды. Соңғы он жылдың ішінде бар­лық салалар, тауар айналымы артып, мем­лекет қазынасына қаражат түсіру бойынша тұрақты өсімге қол жеткі­зілді. Негізгі капиталға құйылған ин­вестициялық қаражаттың мөлшері 138,3 млрд. теңгеге жуықтады. Был­тыр өнеркәсіп өндірісі – 18 млрд., өңдеуші кәсіпорындар – 14 млрд., ауыл шаруашылығы 16,1 млрд. тең­гені құрады.

Үкімет отырысында Солтүстік Қа­зақ­стан облысының 2025 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық да­муының кешенді жоспары қаралып, бекітілгені белгілі. Онда Тайынша ет комбинатына жаңғырту жүргізіліп, “Bio Operations” ЖШС астық өндіру және өңдеу бойынша бірегей эко­жүйені құрып жатқаны айтылған болатын. “EMC Agro” ЖШС ет өнім­дерін өңдеу жөніндегі қызметін 2019 жылы бастады. Бүгінде мал өсіру, сою, сондай-ақ ет өңдеу арқылы жоғары сапалы, экологиялық таза өнім өндіретін, елдегі ет нарығындағы сұ­ранысты өтеуге маманданған кешен­ді кәсіпорын “Big Dutchman” неміс технологиясымен жабдықталған. Бұ­дан бөлек, заманауи мал өсіру фер­масы жұмыс істейді. Ет комбинаты­ның құрамына өңдеу, то­ңазыту цехтары кіреді, кез келген қа­жеттілік пен сұранысқа негізделген шұжық өнімдерінің үлкен ассорти­менті әзірленеді. Жақын және алыс шетелдерге экспортқа жіберу де жос­парланған. Бірнеше қалаларда “Lec­ker” жетекші сауда белгісімен фир­малық дүкендер желісі ашылған. 400-ге жуық адам еңбекке тар­тылған. Жылдық қуаттылығы – 20 мың тонна ет пен 10 мың тонна дайын өнім. FSSC-22000 халықаралық сапа сертификатына ие. “Үздік өнім FoodExpoQazaqstan – 2021 байқауында жеңімпаз атанып, 6 өнім Алтын медальмен және Сапа дипло­мымен марапатталды.

Бүінгі таңда жер бетінде эколо­гия мәселесі өте өткір тұр. Бұл тура­лы Президент Жолдауын­да арнайы тоқталып, бүкіл өркениет­ті алаңдатып отырған проблеманы шешу жолдарын ұсынды. Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму – Қазақстан үшін де алдыңғы кезекте тұрған мәселелердің бірі. Ауданда экологиялық құндылықтар­ды орнықтыруға баса мән берілген. Осыдан үш жыл бұрын жұмысы қай­та жанданған “BioOperations” ЖШС крахмал, глютен, құрғақ кілегей шы­ғарып келсе, енді көптеген мемлекеттердің отынның экологиялық таза түріне ауысып жатқаны ескеріліп, нарықта жоғары бағаланатын биоэтанол өндіруге кіріскен. Таза этиль спиртін алу үшін Франция мен Германиядан арнайы құрыл­ғылар әкелініп орнатылған. Шетелдік әріптестердің көмегімен жаңа желі пайдалануға берілді. Ондағы мақсат – нарықта бәсекеге қабілетті өнім түрлерін көбейту. Серіктестіктің басты бағыттарының бірі негізгі шикі­зат – бидайды тереңдетіп, қалдық­сыз өңдеу. Сондай-ақ рапс майын өңдейтін заманауи ауыл шаруашылығы кластері – “Тайын­ша май” ЖШС Қазақстандағы ірі экспорттаушы кәсіпорындардың біріне жатады.

Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Үкіметтің өткен жылғы кеңейтілген отырысында алып­сатарлық, бағаны әдейі көтеру, тап­шылықты қолдан жасау секілді заң­сыздықтарға тосқауыл қою, адал бә­секелестікті сақтау, отандық тауар­лардың сауда орындарына кедергі­сіз шығарылуын қамтамасыз ету ша­раларын күшейту, жауапкершілікті арттыру міндеттеліп, күрделі халық­аралық ахуал жағдайында азық-түлік қауіпсіздігінің маңызына айрық­ша екпін түсірілген болатын. Еліміз бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру стратегиялық талап ретінде қойылды. Елді мекендерде шаруалар өзара ұжымдасып, ауыл шаруашылығын дамытуға жол аша­тын қанатқақты жобаларды жүзеге асыра бастады. Оған қатысқан ша­руашылықтардың өнім сапасы да ай­тарлықтай. Соның нәтижесінде был­тыр агроөнеркәсіп саласының жал­пы өнімі 16056,5 млн.теңгеге жетті. 9621,5 тонна ет, 32321,6 тонна сүт, 68006,6 мың дана жұмыртқа өндірі­ліп, жоспар артығымен орындалды. Төрт түлік бойынша да өсім бар. “Қаратомар”, “Шұғыла LTD” шаруа қожалықтары еділбай қойын өсіру­мен айналысады. “Астық STEM” ЖШС 400 бас сиырға шақталған тауар­лы-сүт фермасын пайдалануға берді. Кәсіпкерлікке 1750 шағын және орта бизнес субьектілері тар­тылған.

Үкімет жиынында автожол инф­рақұрылымын дамыту төңірегінде сын айтылып, жөндеу жұмыста­рын созбалаңға салуға болмайтыны айрықша ескертілді. Президент: “Тіпті басқа жерді айтпағанның өзінде Ақ­ордаға апаратын жолдың өзі жамау-жамау, құрақ көрпеге ұқсайды. Жалпы бұл салада қордаланған мәселе көп. Осының бәрін ретке келтіру үшін шұғыл шаралар қабылдау керек. Отандық өндірістің әлеуеті толық пай­даланылмайды”, – деп атап көрсетіп, шұғыл түрде кешенді жаңғырту бағ­дарламасын жасау талабын қойды. Ауданда бұл бағытта атқарылған шаруалар қыруар. Жалпы ұзындығы 150 шақырымды қамтитын 8 жоба қолға алынып, Виноградовка – Яс­ная Поляна – Киров, Краснокиевка – Октябрь, Тайынша – Кантемир – Ко­товский, Ясная Поляна – Тихоокеан-Шұқыркөл – Көкшетау – Омбы, Кел­леровка – Южное бағыттарындағы жолдар қалпына келтірілді.

Десек те шешімін күткен мәсе­лелер аз емес. Мәселен, агроқұрылым­дар соңғы 5 жыл ішінде 25 млрд. теңгеден астам субсидия алса да, машина-трактор паркінің біраз бөлігі жаңартуды қажет етеді. Кей ша­руашылықтар ауыспалы егіс жүйесін тиімді пайдаланбайды, ми­нералдық тыңайтқыштарды сіңіру көр­сеткіші төмен. Тұқым жаңарту ісіне жете көңіл бөліне бермейді. Ал­дағы уақытта тауарлы-сүт кешенде­рін кө­бейтуді жоспарлап отырмыз. Президент еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жө­ніндегі кеңесте сөйлеген сөзінде үнемшілдікті өмір салтына айнал­дыруға шақырды. Сарапшы­лардың пайымдауынша, 2040 жылға таман суға деген сұраныс 50 пайызға дейін артатын көрінеді. Қазақстанда 600 мыңнан астам адам таза суға зәру. 500-ден астам гидротехника­лық нысан әбден тозған. Аудандағы 82 елді мекеннің төрттен бірі ғана орталықтандырылған тіршілік көзін тұтынады. Жыл аяғына дейін бірқа­тар ауылдарға сапалы ауызсу құбыры тартылады.

“Халық үніне құлақ асатын мем­лекет” болу үшін азаматтармен ты­ғыз қарым-қатынас орнатудың, олардың өтініш-тілектеріне, мұң-мұқтаждарына дер кезінде құлақ асып, кө­мектесудің мәні айрықша. Аудан бо­йынша 221 адам ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген. Бұл – еңбекке белсенді адамдардың 0,9 пайызы. Жыл басы­нан бері 1329 адам жұмысқа, оның жартысына жуығы тұрақты жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық жұмыс­тар­ға 132 адам жіберілді. 54 отбасы­ға 9,5 млн. теңгенің атаулы әлеу­меттік көмегі берілді. Президент атап өт­кендей, Әділетті Қазақстанды құру – министрлер мен әкімдердің ғана мін­деті емес. Бүкіл қоғам болып жұ­мылғанда ғана кез келген қиындықты еңсере аламыз. Бұл орайда, түпкі мақ­сатымызға жету үшін саяси-эко­номикалық реформа жасау жеткілік­сіз. Осы себепті құрылтайдың күн тәр­тібіне әр азаматтың сана-сезімін жаңғырту, халқымыздың дүниетаны­мы және өмірлік ұстанымдарын өз­герту қағидатының қойылуы мәселе­нің өте өзекті екенін аңғартады. Жа­рия етілген реформалардың түбегей­лі жаңғыруының берік негізі бә­рімізге байланысты екені, соған орай орасан зор міндет қойылып отыр­ғаны, әрбір шешім мен іс-әрекет ел­дің бүгіні мен ертеңіне тікелей әсер ететіні ешқандай талас туғызбайды. Мемлекеттің ең басты байлығы – дені сау және сауатты адам десек, өс­келең де жасампаз ұрпақтың тәлім-тәрбиесі отбасы, ошақ қасынан бас­талып, одан әрі балабақша мен мек­тепте жалғасары анық. Адал да ең­бекқор азамат етіп тәрбилелейтін – осы үш орта. Қасым-Жомарт Кемел­ұлы аға буын өкілдері еңбекқорлық, іскерлік сияқты құндылықтарды өздері үлгі көрсету арқылы дәріпте­се, жастар көп сөзге құмар, жағым­паз, жалқау, енжар, масыл болмас еді деген идеяны алға тарта отырып, біздің қоғам өзгерісті біреуден мадақ есту үшін емес, ең алдымен, өзі үшін жасауға тиіс деген ұстанымға берік екенін жеткізді. Аудандағы 51 білім мекемесінің бәрі интернетке қосыл­ған. Екеуі апатты деп танылған. Бі­реуі – Вишневкада, екіншісі – Тайын­шада. Қазір қос білім ұясының құ­рылысы жүріп жатыр. Биыл пайда­лануға беріледі, заман талаптарына лайықталған. Осы салада еңбек ете­тін бір мыңнан астам педагог білім сапасына баса мән береді. Өйткені олар Қазақстанды алға жетелейтін, өркениетті елдер қатарына қосатын бүгінгі жастар екенін жақсы түсінеді. Сонда ғана отаншылдық, адамгер­шілік, білімпаздық, нағыз маман болу, үнемшілдік, еңбекқорлық, ел мен жерге жанашырлық сияқты шынайы асыл қасиеттерді бойына ұялатқан өскелең ұрпақ ел тірегі болуды басты мұрат тұтады.

Берік ӘЛЖАНОВ,

Тайынша ауданының әкімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp