«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ішкі туризм талпыныстары

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжар өңіріне жұмыс сапары­мен келген Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Айыртау ауданында болып, жұрт­шылықпен кездесу барысында отан­дық туризмді дамыту жайын қозғады. Бірқатар өзекті мәселелер ашық талқыланды.

Вице-министр жыл басынан бері өңірге 24 мыңнан астам турист келгенін атап өтті. Оларға көрсе­тілген қызмет көлемі 360 млн. тең­гені құрайды, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыс­тырғанда 28 пайызға көп. Орын саны – 5485.

– Әлем бойынша туризм саласы қарқынды дамып келеді. Әртүрлі табиғи ландшафттарға бай, ұлттық парктері көп Қазақстанға қызығушылық жоғары, – деген ви­це-министр “Көкшетау” ұлттық паркін дамыту бойынша жоспар қа­былданғанын, онда заманауи экоқонақүйлер, глампингтер, автоке­руендер салу көзделіп отырғанын, инвестиция көлемі 4,5 млрд. теңгеге жуықтайтынын айтты.

Тұрғындар жергілікті туризмді өркендетуге байланысты ұсыныстарын ортаға салып, тезірек шешімін табуын өтінді. Мысалы, Имантау-Шалқар курорттық аймағындағы балалар лагерлерінің аумағындағы қатты тұрмыстық қалдық полигондарының проблемаларын шешу үшін жеке инвесторлар тарту ұсынылды.

Вице-министр туристік маусым кезінде мобильді медициналық пункттер ұйымдастырылатынын мә­лімдеді.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Айыртау ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp