«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ержүрек оқушы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Төтенше жағдайлар ми­нистрі Сырым Шәріпханов Петропавлдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқу­шысы Аслан Гималет­ди­новті “Суға батқандарды құтқарғаны үшін” меда­лімен марапаттады. Жас­өспірім батылдық таны­тып, суға батып бара жат­қан жасөспірімді ажалдан арашалап қалған болатын.

Сонымен қатар “NIS” бас­қарма төрағасы Әнуар Жанғозин мұғалімдер мен сыныптаста­ры­ Асланның батылдығын мақ­тан тұтатынын ерекше атап өтіп, “Қам­қор жүрек” марапатын та­быстады.

NIS ұжымы Асланның ата-анасы Рустам мен Сандуғаш Гималетдиновтерге ержүрек аза­мат тәрбиелегені үшін ерекше алғыс білдірді.

– Қалада велосипедпен се­руен­деп жүргенде көмекке ша­қыр­ған балалардың дауысын ес­тіп, біреудің батып бара жатқа­нын түсіндім. Ойланбастан жүгі­ріп барып, суға сүңгіп, баланы жағаға алып шықтым, – дейді Аслан.

Аслан Гималетдинов – мек­тептегі белсенді балалардың бірі. Ол тек білімімен ғана емес, му­зыка мен спорттағы жетістіктері­мен де көзге түсіп үлгерді. Дом­бы­ра шертеді, волейбол – сүйікті спорт түрі.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp