«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алты жылға сотталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қайғылы оқиға сәуір айында орын алған. Сот материалдарына сәйкес, бұрын жеті жылға жүргі­зуші куәлігінен айырылған Ғабит Мү­сірепов атындағы ауданның 33 жас­тағы тұрғыны мас күйде өзінің “Nissan” авто­көлігінің рөліне қайта отырған. Көшедегі жылдамдықты шектеу белгісін елемей, 50 жас­тағы жергілікті тұрғынды соғып кеткен. Жарақат алған жәбір­ленуші оқиға орнында қайтыс болған. Соқты­ғысқаннан кейін “Nissan” автокө­лігі бірнеше рет аударылып түс­кен. Аудандық сот ауыл тұрғынын алты жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Үкім заңды күшіне енді.

Жыл басынан бері облыста мас жүргізушілердің кесірінен 9 жол-көлік оқиғасы орын алып, 4 адам қаза тауып, 10 адам жара­ланды. Қаңтар айынан бері облыс жолдарында 117 мас жүргізуші ұсталды. Оларға 15 тәулік әкім­шілік қамауға алу және 7 жылға көлік басқару құқығынан айыру жазасы қарастырылған.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp