«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

РЕСЕЙДЕ ҰСТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Көрші елдердің полицейлері ше­каралас және мемлекетаралық ын­тымақтастық аясында өзара байла­ныс орнатқан. Әсіресе тәр­тіп сақшылары қылмыскерлерді із­дес­тіру бойынша жедел ақпарат ал­масады. Жыл басынан бері сол­түс­тік­қзақ­стандық полиция қызмет­кер­лері көршілес елдердің сұрауы бо­йынша күдікті 20 адамды анықтады. Ке­зекті жүргізілген жұмыстардың бі­рін­де Армения аумағында алаяқтық жа­сауға қатысы бар күдікті ұсталды.

Бұдан бөлек, күзетпен қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасы таңдалған тағы екі адам ұсталды. Олардың біреуі Өзбекстанға экс­тра­дицияланды. Ол қарақшылық жа­са­ғаны үшін іздеуде болған. Екінші адам­ды сот үкімі күтіп тұр, ол Ресей Федерациясының Омбы облысында алаяқтық жасады деген күдікпен із­дестірілген. Сондай-ақ ресейлік әріп­тестермен бірлесіп жүргізген жұ­мыс­тар нәтижесінде Ханты-Ман­сийск ав­тономды округінің және Санкт-Пе­тербург қаласының аума­ғын­да біздің облыстың 59 және 49 жастағы тұр­ғындары ұсталды. Бірін­шісін денсау­лыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін Мағжан Жұма­баев ауданының, екіншісін ұр­лық жасағаны үшін Петропавлдың полицейлері іздес­тірген. Мемлекет­тердің ішкі істер ор­гандарының ты­ғыз қарым-қаты­насы полиция жұмы­сының тиімділігін арттырады және жасалған қыл­мыстар үшін жазадан бұлтартпау қа­ғи­датын іске асыруға ықпал етеді.

Марат ЖҰМАЛИЕВ,

облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp