«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өтініштері – бақылауда

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Пәтер алу үшін өмір бойы жиған-терген 7,5 миллион теңгесін баласы мен келініне беріп, баспанасыз қалған мүгедек ерлі-зайыптылар әділдік іздеп, “AMANAT” партиясы об­лыстық филиалының қоғамдық қа­был­дауына жүгінуге мәжбүр болды. Оларды саяси ұйымның атқарушы хатшысы Жеңіс Асанов қа­былдап, шағымдарын мұқият тыңдағаннан кейін мәселені өзара түсіністік, татуласу арқылы шешу жолын ұсынды. Егер баласы жарық дүниеге әкеліп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсірген, өмірден өз ор­нын табуына зор еңбек сіңірген ата-анасына баспана табуға жәрдемдес­песе, онда олар сот арқылы алимент өндіріп алуға толық құқылы.

“Единение” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Виктор Дубровин Ресейдің көршілес Қорған қаласындағы Кеңес Одағының Батырлары мен “Даңқ” ор­дені толық иегерлеріне арналған “Ре­сейдегі қазақ халқының ерлігі” көрме­сін Қазақстанға әкеліп көрсетпек ойымен бөлісті. Сондай-ақ оның Кеңес Одағының Батыры Әбу Досмұхамбе­товтің есімін мәңгі есте қалдыру үшін Қорған қаласындағы көшелердің және мектептердің біріне есімін беріп, Пет­ропавл қаласындағы батыр атындағы гимназия-интернатпен достық қарым-қатынас орнату, түрлі турнирлер өт­кізуді дәстүрге айналдыру туралы ұсы­нысы қолдау тапты. Жеңіс Мұхтарұлы мәселелерді шешу жолдарын қарас­тыратынын жеткізді.

Түрлі дүбірлі жарыстарда Қазақ­станның атын шығарып жүрген халық­аралық дәрежедегі спорт шебері, Ту­рин-2006, Ванкувер-2010, Сочи-2014 Паралимпиада ойындарына қатысып, жақсы нәтиже көрсеткен ауған соғы­сы­ның ардагері Олег Сысолятин ұзақ жылдардан бері бір пәтерге қол жеткізе алмай жүр. Кезектің жылжи­тын түрі байқалмайды. Төрт баласы­ның екеуі – мүгедек. Қызылжардың мақтанышы бүгінде баспа­на жалдауға мәжбүр. Партия фи­лиалы даңқты спортшының өтінішін бақылауға алатын болды.

Ілияс СӘБДИНОВ,

“AMANAT” партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp