Үздіксіз ізденістің жемісі
“Аграрлық кредиттік корпорация” акционерлік қоғамының қаржылай қолдау бағдарламасының бір тетігі – жастарға жеңілдетілген шағын несие беру. Бұл бағдарлама 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында бекітілген. Бес миллион теңгеге дейінгі шағын несиені 21-35 жас аралығындағы жастар ала алады. Бүгінге дейін солтүстікқазақстандық филиалға 108 өтініш түсіп, қажетті қаржы – 477673000 теңгені құрады. 74 өтініш …