«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АРТЫҚ ТӨЛЕНГЕН ҚАРЖЫНЫ ҚАЙТАРАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Газетіміздің 2023 жылғы 28 қаң­тарында “Mäselenıñ mänısı” айдары­мен “Кәсіпкерлердің жанайқайы” де­ген сын мақала жарық көрген бола­тын. Онда көпқабатты үйлердің бірінші қабатында орналасқан дүкен, шаштараз, дәмхана сияқты көпшілік­ке қызмет көрсететін орындардың ие­лері мен жалға алушылары жылу ақысының күрт қымбаттап, 2-3 есеге дейін шарықтап кетуін тариф нор­маларына қайшы әрекет ретінде ба­ғалап, мәселенің ақ-қарасын анық­тап беру үшін тиісті мекемелерге арызданған болатын. “Тариф өзгер­ген жоқ, біз болсақ коммуналдық тө­лемдерді әдеттегіден бірнеше есе артық төлеуге мәжбүрміз”, – делінген шағым хатта.

Бұл іске қоғам белсенділері мен заңгерлер де араласып, “Севказ­энергосбыт” ЖШС басшылығының “тарифтерді қалыптастыру қағида­ларын бекіту туралы” №90 бұйрыққа сілтеме жасауын, атап айтқанда, тұ­тыну нормасы ғимараттың пайдалы алаң мөлшерінен көбейіп кеткен жағ­дайда жылу энергиясының көлемін есептеуде тұтас үй-жайдың ауданы қоса қамтылады деген коэффи­циенттің қолданылуын негізсіз деп тапқан. Өйткені, бұл санаттағы кә­сіпкерлер қосалқы тұтынушы санал­майды. Өйткені, заңда қосалқы тұты­нушы деп көппәтерлі үйдің жылумен жабдықтау схемасына қосылған алаңдардың иелері көрсетілгені тайға таңба басқандай айтылған. Заңгер Олег Хрупин екіжақты текетіресті тек қана сот тәртібімен шешуді ұсынып, “энергетиктер 2019 жылғы бұйрыққа сілтеме жасайды. Олай болса, талаптар 2022 жылдан кейін ғана қолданылуы түсініксіз”, – де­ген көзқарасын айтқан еді.

Табиғи монополияларды реттеу комитеті облыстық департаментінің редакцияға жолдаған жауабында аталғандай, 2022-2023 жылдардағы жылыту маусымы кезеңінде жылу энергиясы үшін төлемнің күрт өсуі­мен келіспейтіндігі туралы есепке алу құрылғысы бар көппәтерлі үйлерде орналас­қан (кеңсе, дүкен және т.б.) жылу энергиясын тұтынатын тұтынушы­лардан өтініштер көптен түсіп, олар­ды қарау нәтижесінде “Севказэнер­госбыт” ЖШС-ның тарапынан заң бұзушылықтар анықталған. Белгілі болғандай, “Севказэнергосбыт” ЖШС жоғарыда аталған тұлғаларды қосалқы тұтынушыларға жатқызған. Ал бұл жылу энергиясы үшін төлемнің өсуіне айтарлықтай әсер еткен.

Осыған орай департамент маман­дандырылған ауданаралық экономикалық сотқа талап-арыз түсіріп, “Севказэнергосбыт” ЖШС-ға қойған талаптары қанағаттандырылған.

Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы №90 бұй­рығымен бекітілген тарифтерді қа­лыптастыру қағидатының 280-тармағының 2) тармақшасын пайдала­на отырып, 2022-2023 жылдары жылыту маусымында есепке алу құрылғысы бар көппәтерлі үйлерде орналасқан тұтыну­шыларға жылу энергиясы үшін жүр­гізген төлем бойынша “Сев­казэнер­госбыт” ЖШС-ның әрекетін сот заң­сыз деп танып, аталған тұтынушыларға қайта есептеу жүргізуді міндеттеген.

Нәтижесінде “Севказэнергосбыт” ЖШС 1250 тұтынушыға жал­пы сомасы 96 млн. 232 мың теңгені қайта есептейтін болды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ, субъект осы шешімге апелляциялық тәртіппен шағымдануға құқылы.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp