«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 19.07.2023

“Жас өркендегі” Жамбылдың суреті

Қазақ жазба әдебиетіміздің атасы Абай болса, өзіне дейінгі ақын, жыршы­лар­дың мұрасын бойына жиып, елі­не бере білген ауыз әдебиетіміздің ерен тұлғасы Жамбыл. Бірі – жаңа әдебиеттің басы, екіншісі бұрынғы дәс­түрдің соңы болған қос тұлғаны Қы­зылжар жұрты да алаламай ардақ­тап келеді. Осыдан бірнеше жыл бұ­рын қала төріндегі биік үйдің қабыр­ғасына Абай бейнесі бейнеленсе, енді міне жыр жампозы …

“Жас өркендегі” Жамбылдың суреті Read More »

Зілдің тісінен жасалған кетпен

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде теріскей өңірдің көне дәуірінен сыр шертетін зілдің тісінен жасалған кетпен бар. Бұл жәді­герді 1940 жылдардың басын­да Қызылжар ауданына қарасты Петерфельд ауылының тұрғында­ры құдық қазған кезде 18 метрлік тереңдіктен тауып алған. Кейін му­зей қызметкерлеріне табыс­таған. Археологтардың айтуынша, атал­мыш жәдігерді ежелгі адамдар жер қазатын құрал ретінде пай­даланған. Бұл жануарлардың суреттері үш қаланың елтаңбаларында кез­деседі. …

Зілдің тісінен жасалған кетпен Read More »

Аманғалидің алтыны

Солтүстікқазақстандық палуан Аманғали Бекболатов кезекті мәрте жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінді. Бұл жолы грек-рим күресінің шебері Будапешт төрінде өткен рей­тингілік турнирде атой салды. Ма­жарстан астанасында 55 келінің үз­дігі бес бірдей қарсыласын жықты. – Бірінші айналымда америка­лық палуанмен күрестім. Екінші, үшін­ші айналымдарда ирандық жә­не өзіміздің палуанды ұттым. Ал төр­тін­ші айналымда Грузия елінің өкілін айқын басымдықпен …

Аманғалидің алтыны Read More »

Орманды өрт шарпыды

Облыстық төтен­ше жағдай­лар депар­таментінің мамандары Ақ­жар ау­данына ат­танды. Себебеі қу­раған ағаш қай­та өр­тенді. Мұнда өткен ап­таның со­ңында ірі өрт ошағы сөндірілген еді. Болжам бойынша, өрт өткен жолғы ошақтың маңы­нан шыққан. Одан кейін Тұ­ғыржап ауы­лынан жеті шақы­рым жерде 40 гек­тар аумақта құрғақ шөп кү­йіп, өрт Ор­линогорск орман ша­руашылы­ғының аумағына өтіп, 2,7 гек­тар ор­манды от шарпыды. Оқиға …

Орманды өрт шарпыды Read More »

Орындалған арман

Петропавлдық дизайнер Ай­жан Колчина Парижде өткен сән апталы­ғына қатысып, талай­ды тәнті етті. “Оrientel Fashion Show” сән апталы­ғына әлемнің түкпір-түкпірінен ди­зайнерлер қатыс­қан. Көпшілігі Шығыс елдерін­дегі сән саласы­ның мамандары екен. Жерлесі­міздің “Феникс” топта­масы сәнқойлардың көңілінен шыққан. Дизайнер топтамаға енген оннан астам кеш көйлегін екі айдың ішінде тігіпті. – Менің бұл коллекциям өзім­шіл­дікке толы. Тіршіліктің түрлі ке­зең­дері сипатталады. …

Орындалған арман Read More »

Алдын алу шарасы

Өңірде алаяқтықтың ең көп таралған түрі – “банктен қоңырау шалу”. Жарты жылда анықталған 342 алаяқтық­тың 109-ы осы схема бойынша жасалып отыр. Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, алаяқтар өз­дерін банк қызметкері ретінде та­ныстырып, шоттарына біреулер ша­буыл жасап жатқанын айтады. Со­нымен қатар алаяқтықтан қорғану үшін ірі көлемде несие алып, бел­гілі бір “қауіпсіз шотқа” ақша аудару қажет деп …

Алдын алу шарасы Read More »

Арақ – апатқа себеп

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 500 мас жүргізуші ұсталды. Солардың кесірінен 11 жол апаты орын алып, 4 адам қаза тапты, 15-і жарақат алды. Облыстық полиция департамен­ті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде төрт күн бойы “Мас жүргізуші” жедел-алдын алу шарасы жүріп жа­тыр. Осы уақыт ішінде көлікті мас күйінде басқарған 25 солтүстікқа­зақстандық анықталған. – Облыс жолдарында барлығы …

Арақ – апатқа себеп Read More »

ДЕЛДАЛСЫЗ САУДА ТИІМДІ

Облыстық әкімдікте бірінші жарты жылдағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары талқыланды. Экономика бірқалыпты дамуда.  Облыс әкімі Айдарбек Сапаров 7 айдың қорытындысы бойынша экономиканың өсімін қамтамасыз етіп, тәуекелге талдау жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ инвестиция тарту және тұрғын үйді пайдалануға беру жөніндегі тапсырманың орындалуын қамтамасыз ету қажет. Отырыс барысында азық-түлік бағасына баса назар аударылды.  Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының …

ДЕЛДАЛСЫЗ САУДА ТИІМДІ Read More »

ЖАҢАШЫЛ ӨНДІРІСТІҢ ӨРІСІ КЕҢ

Еңбекқорлық, жауапкершілік, жанашырлық, бәскекелестік сияқты қасиеттерді бойына дарыта білген адамнан ел сыйлаған іскер тұлға шығады. Өңірімізде ондай адамдар аз емес. Облыс экономикасы мен әлеуетін дамытуға сүбелі үлесін қосып жүргендердің бірі – Сермұхамет Ахмутдиновтың есімі жақсы таныс. Оның Қызылжар ауданының орталығында орналасқан  жеке кәсіпкерлігінде 128 адам жұмыс істеп жатыр. Кәсіпкер мүмкіндігінше еңбеккерлерінің табысын көтеріп, тұрғын үймен …

ЖАҢАШЫЛ ӨНДІРІСТІҢ ӨРІСІ КЕҢ Read More »

Уақытша тіркеу басталды

Ішкі істер министрлігі 17 шілдеден бастап бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылмаған немесе шектеулерге байланысты заңдастырылмаған, 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен Қазақстан Республикасына әкелінген автокөліктерді бес жылға уақытша тіркеу жұмысын бастады. Осылайша азаматтарға көлік құжаттарын ретке келтіріп, бәрін заң жүзінде реттеуге тағы бір мүмкіндік беріліп отыр. Уақытша тіркеу үшін көлік иелері …

Уақытша тіркеу басталды Read More »

ҚАУІПСІЗ ӨНІМ — ОТАНДЫҚ ӨНІМ

Азық-түлік қауіпсіздігі – тек Қазақстан үшін ғана емес, әлемнің барлық елдері үшін ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің және мықты мемлекет қалыптастырудың, оның табысты ұзақмерзімді дамуы мен экономикалық өсуінің басты шарттарының бірі. Алайда климаттың өзгеруі, кедейшіліктің кең етек алуы және қақтығыстар ғаламдық азық-түлік қауіпсіздігіне зор қауіп төндіріп отыр. 2022 жылдың 21 қыркүйегінде Нью-Йоркте Африка Одағы мен Еуропалық …

ҚАУІПСІЗ ӨНІМ — ОТАНДЫҚ ӨНІМ Read More »

ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНҒАН ЗАУЫТ

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров өңірдің іргелі кәсіпорындарының бірі – “Петропавл ауыр машина жасау зауыты” акционерлік қоғамына ат басын тіреп, зауыттың бүгінгі тыныс-тіршілігімен, жоспарымен танысты. Өңір экономикасында елеулі үлесі бар өндіріс орнының көз қызықтыра дамыған жылдары да, тоқырауға іліккен кездері де болды. Осыған дейін мемлекеттік тапсырыспен күнелткен зауыттың жұмысы басшысы ауысқалы бері қарқын алды. Кәсіпорын азаматтық …

ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНҒАН ЗАУЫТ Read More »

ТҮТІНІ ТҮЗУ ҰШСЫН ДЕП

Ауыл – татулығы мен бірлігі жарасқан қонақжай мекен. Әрбір қазақтың түп тамыры осы ауылдан басталады. Алайда егемендік алып, енді ғана етек-жеңді жинап жатқанда экономиканың күйреуі, өнеркәсіптердің жабылуы, жұмыссыздардың көбеюі, күнкөріс мақсатымен ауыл тұрғындарының қалаға жаппай көшуі – ауыл экономикасына кері әсерін тигізбей қоймады. Ауылда халық азайды, адам саны кеміген соң мектептер де жабылды, жол да …

ТҮТІНІ ТҮЗУ ҰШСЫН ДЕП Read More »

КӘСІП БАСТАУҒА КӨМЕК

Өңірде ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған “Ауыл аманаты” бағдарламасы жүзеге асырылуда. Қанатқақты жоба алғаш рет Жамбыл облысында, кейін республика бойынша қолға алынған. Бұл бағдарлама арқылы өзін-өзі жұмыспен қамтыған және атаулы әлеуметтік көмек алатын жұмыссыз азаматтар, ісін жаңадан бастаған және тұрақты бизнесі бар кәсіпкерлер, жеке қосалқы шаруашылықтар мен отбасылық кәсіпкерліктердің мүшелері жеңілдетілген несие ала алады. Жоба …

КӘСІП БАСТАУҒА КӨМЕК Read More »

Зығыр майына сұраныс жоғары

Владимир Кан – ауыл шаруашылығы құрылымының жетекшісі. 2011 жылы тәуекелі мен қиындығы мол жеке кәсіппен шұғылдануға бел буады. Алдымен “Кан-Жамбыл”, кейін “Агро әулеті” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерін құрып, отбасымен бірге іске кірісіп кетеді. Зайыбы – бас бухгалтер, ұлы – өндіріс директоры, қызы – сату саласындағы кәсіби маман. Дәнді және майлы дақылдарды өңдеу саласын таңдап алулары бекер …

Зығыр майына сұраныс жоғары Read More »

Тілден келетін кесапат

Тілден келер күнәнің бірі – ғай­бат. Құран аяттары мен Пай­ғамба­рымыздың (Алланың салауа­ты мен сәлемі болсын) хадистерін­де ғай­бат­тың қаншалықты жиір­кенішті еке­ні жайында дәлелдер жет­кілікті. Ал­ла Тағала ғайбат айтушы адамды Құранда өлексенің етін же­ген адам­ның бейнесінде сипат­тайды: “Бір-біріңді аңдымаңдар және бір-біріңді ғайбаттамаңдар! Қайсы­бірің болмасын, өлген бауырының етін жегенін ұната ма? Әнеки бірден жиіркендіңдер. Ендеше Алладан қорқыңдар! Шүбәсіз, …

Тілден келетін кесапат Read More »

БЛОГЕРЛІК КӘСІП ПЕ, ЕРМЕК ПЕ?

Ғаламтор желісінің өміріміздегі орны артқан сайын мамандықтар саны көбейе түсуде. Әсіресе әлеуметтік желі арқылы табыс тауып отырғандар көп. Мыңдаған оқырман жинап, өз өмірін жариялап, қаралымды қаржыға айналдырып жүргендерге жастар да еліктей бастаған. Блогер ұғымының пайда болға­ны­на біраз уақыт болғанмен, осыдан бірнеше жыл бұрын ғана жастар ара­сында кең таныла бастады. Бі­реу­лер оған “болашақтың мамандығы”, – деп …

БЛОГЕРЛІК КӘСІП ПЕ, ЕРМЕК ПЕ? Read More »

Таң жұлдызы

Өткенге көз жүгіртіп, кейбір ірі тұл­ғалардың тағды­ры­на қарап, ұлт­қа қызмет ету жасқа қа­рамайды екен деген қорытындыға келдім. Өз елін шексіз сүйген жан қандай жаста бол­са да еңбегімен, адал қызметімен тарихта қалады екен. Белгілі Алаш қайраткері Сма­ғұл Сәдуақасов, әр сөзі ұлт ұранына айналған Сұлтан­мах­мұт Торайғы­ров сынды тұлға­лар­дың ғибратты ғұ­мыры – осыған дәлел. Жерлесіміз батыр Әбу Дос­мұхамбетов …

Таң жұлдызы Read More »

Жұмысы көп, айлығы аз

Өңірдегі белсенді жастардың ба­сын қосып, түрлі ұйымдардың жұмы­сын үйлестіру мақсатында әр аудан мен облыс орталығында көп жылдан бері жастар ресурстық орталықтары жұмыс істеп келеді. Бұл орталық жас­тардың әлеуметтік және тұлғалық дамуына жәрдемдесіп, олар­ға ар­налған ұйымдардың қызметіне қол­дау көрсетеді. Осы күні ел бойын­ша жалпы саны 200-ден астам осын­дай ұйым бар. Оның 16-сы облыстық, 38-і қалалық, ал …

Жұмысы көп, айлығы аз Read More »

“МЕРЕЙ” МЕКТЕБІНІҢ МЕРЕЙІ ҮСТЕМ

Бүгінгідей ғаламтор мен әлеуметтік желілердің дәурені жүріп тұрған заманда ұрпақ тәрбиесін ақсатып алмау – баршамызды алаңдатып отырған мәселе. Ұрпақ тәрбиесі тек отбасында ғана емес, қоғамның әр саласында күнделікті жүзеге асып жатады. Тәрбиенің де ұлттық, отбасылық, еңбек арқылы, рухани деген түрлері бар. Осылардың ішінде өнер арқылы тәрбиелеудің алар орны бөлек. Жасынан өнерге ынтық болып, шығармашықпен шұғылданған …

“МЕРЕЙ” МЕКТЕБІНІҢ МЕРЕЙІ ҮСТЕМ Read More »