«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Арақ – апатқа себеп

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 500 мас жүргізуші ұсталды. Солардың кесірінен 11 жол апаты орын алып, 4 адам қаза тапты, 15-і жарақат алды.

Облыстық полиция департамен­ті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде төрт күн бойы “Мас жүргізуші” жедел-алдын алу шарасы жүріп жа­тыр. Осы уақыт ішінде көлікті мас күйінде басқарған 25 солтүстікқа­зақстандық анықталған.

– Облыс жолдарында барлығы 1502 жол ережесін бұзу дерегі анық­талды. Оның ішінде 200 факті қауіп­сіздік белбеуін пайдаланбау, 194-і жылдамдықты асыру және 119-ы рөлде  телефон қолдануға қатысты жайт­тар. Бұған дейін жүргізуші куәлігінен айырылған бес адам көлік жүргізген, – деді жергілікті полиция басқарма­сы бастығының орын­басары Григо­рий Тыш.

Жалпы жыл басынан бері об­лыс­та 127 жол-көлік оқиғасы тірке­ліп, 17 адам мерт бол­ды, 179 азамат жарақаттанды.

Ақбөпе ӘБРАСУЛ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp