«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Діни радикализм – қауіпті құбылыс

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қоғамды іштен аздыратын діни радикализмге кешенді идео­ло­гиялық іс-шараларды өрістету арқылы ғана тойтарыс бере аламыз. Деструктивті діни ағымдардың құры­ғына әлі көзқарасы айқындалмаған, әрнәрсеге еліктегіш жасөспірімдер мен студенттер тез түседі. Арала­рында егде жастағы адамдар да кез­деседі. Ата-аналар ұл-қыздарының радикалды идеологияның құрбаны­на айналғанын болары бо­лып, бояуы сіңгеннен кейін біліп, сан­дарын соғып жатады. Діни радика­лизмнің арбауына түскен адамдар адасу­шы­лыққа ұрынғандарын өз­дері де сез­бей қалады. Мысалы, “Жа­ңа дәуір” қозғалысының доктри­насы дәстүрлі емес нанымдардың көпшілігінің идео­логиялық негізі бо­лып табыла­ды. Оның ақыры діни ра­дикализмнің улы қармағына тү­суіне әкеліп соқты­рады. Сыртқы дүниені “тазартуға” және “өзгертуге” бағыт­тал­ған “таза” дін­дарлық қажеттілік деп алдау­сы­рату арқылы қазіргі сая­си жүйені жою және тұрақсызданды­ру мақсат­тарына жетудің жолдары ре­тінде демагогияны қолданады. Тәртіпсіз­діктер, азаматтық бағынбау актілері, лаңкестік пен пар­тизандық соғыс­тарды ұйымдастырады. Бұл ретте олар кез келген ке­ліссөздер жүргізу­ден, өзара жеңіл­діктерге негізделген келісімдерді не­месе шарттарды із­деуден бас тарта­ды. Діни экстре­мизм терроризммен үйлескен жағ­дайда қоғамға ерекше қауіп төнді­реді. Идеяға “адалдық­тың” дәлелі ретінде өз өмірлерін құр­бан етуге дейін барады. Діни идея­ларға шек­тен тыс берілген міндетте­ме­лер­ді өмірде жүзеге асыру сияқты қа­таң ұстаным басшылыққа алына­ды. Адамдарды радикалды топтар то­ры­на итермелейтін жолдың бірі ре­тінде психологиялық айла-шарғы жасау әдістері таңдап алынады. Лаң­кестік немесе экстремистік қыз­метті ұйымдастыру мақсатында кез кел­ген тәсілмен (сендіру, бопсалау, уә­де беру) психикалық тұрғыдан әсер етуден еш тайынбайды. Өз қатар­ла­рын көбейту және нығайту үшін аз­ғы­ру және жағымпаздану, әңгімеле­су арқылы адамды “достыққа” тарту­дан, “сен әдемісің, ақылдысың, бізге үлкен миссия үшін сен керексің”, – деп айтудан жалықпайды. Бақыт, еркіндік, білімге ке­піл­дік береміз деген орындалмай­тын бос уәделер­ді үйіп-төгуден шімі­рікпейді. Бұдан соң сыни ойлау қабілетін бейтарап­тан­дыруға кірі­сіп, шаршау, әлсіреу жағ­дайына (ұзақ жұмыс уақыты, дә­рістер, үйден үйге бару, ілімді үйре­ту) жеткізіп, ой­лау қабілетінен, дер­бес мүмкін­дігі­нен айырады. Бұл ке­зеңде болашақ “адептің” (діни ұйым­ның өкілі) осы топтың сөзін үйренуі басталады. Шет­­ел­ге кету күмәнді теологиялық бі­лім іздеуге болмаса әскери қақты­ғыс­тарға ұрындыруы мүмкін. Нақты та­­быстың жоқтығы, қаржылық тә­уел­ді­лік әлеуметтік жағдайды тіпті қиын­дата түседі. Ескі достардың болмауы, жиі орын ауыс­тыру, отба­сы­мен қалыпты қарым-қатынастың бұ­зылуы, қарама-қайшы­лықтардың үдей түсуі бұрынғы ортасына ора­луына еш мүмкіндік бермейді. Сана-сезімі, ойлау жүйесі толығымен ра­дикализм іліміне тәуелденіп, қауіпті фанаттардың біріне айналады. Оның ықпалына түскен жандар аты-жөнін өзгертеді, отбасына, ортасына тән емес сөздерді қолдана бастай­ды. Мінез-құлқы, киім киісі, шаш үл­гісі, қарым-қатынасы басқа­ша сипат алады. Тіпті кейбір тағам­дардан бас тартуға дейін барады.

Ерте радикалданудың тағы бір белгісі – сабаққа, жұмысқа, үйге се­бепсіз келмеу, сондай-ақ ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтаудан, зайырлы мерекелерді тойлаудан бас тарту. Адам қандай да психологиялық, физикалық зор­лық-зомбылықтар пен шектеулердің құр­сауына түссе де, жақсылықтан үміт үзуге бол­май­ды. Қалыпты өмір­ге оралтудың жолдары көп. “Aqniet” ақ­параттық-са­уықтыру орталығы тео­логиялық көмек, діни наным-сенімдерді қайта қарау, психоло­гиялық диагностика және түзету, тәр­биелік ықпал ету, әлеуметтік қолдау шаралары, пат­риоттық сезімді ояту сияқты бағыт­тар бойынша нақты іс-шаралар жүргізеді. “Жусан” бірегей гуманитарлық операциясының кө­ме­гімен елімізге келген Қазақстан азаматтарына жан-жақты көмектер көрсетілді. Оның барысында Сирия мен Иракқа кеткен отандастары­мыз­­дың отбасы­лары мен балалары ту­ған жеріне ора­луға мүмкіндік ал­ды.

Алқадия АХМЕТБЕКОВА,

облыстық қоғамдық даму және ақпарат орталығы конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту бөлімінің маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp