«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Құқықтық реттеудің маңызы зор

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекеттік және жергілікті мем­лекеттік басқару функцияларын іске асыруда мемлекеттік билік орган­дары мен лауазымды тұлғалардың әкімшілік-құқықтық құжат­тары бо­лып табылатын мемлекеттік бақы­лау және қадаға­лау органдарының нұсқамалары әкімшілік-құқықтық әре­кет шеңберінде жиі қолда­ныла­ды.

Кәсіпкерлік кодексінің 87-ші ба­бына сәйкес, мемлекеттік органдар, олардың ведомстволары мен ау­мақ­тық бөлімшелері, сондай-ақ жер­гілікті атқарушы органдар байқауды және тексеруді жүзеге асырады. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектісіне бақылауды ұйымдас­тыру және жүргізу тәртібі аталмыш Кодекстің 13-ші тарауында қарасты­рылған. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау саласындағы қатынастар 129-шы бап бойынша реттеліп, же­ке және заңды тұлғалардың құқық­тары мен заңды мүдделерін қорғау­ға бағытталған. Ішкі бақылау 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданыс­қа енгізілген. Әкімшілік рәсімдік-про­цестік кодексімен, сыртқы бақы­лау Кәсіпкерлік кодексімен айқын­далады. Сонымен қатар тексеру­лер­ді жүргізу, ұзарту, тоқтата тұру, қайта бастау, бақылау актілерін рә­сімдеу тәртібінің өз ерекшеліктері бар. Олар салық, кеден, бәсекелес­тікті қорғау, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, мемлекеттiк реттеу, бақылау және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын қадағалау, прокуратура органдары үшін конс­титуциялық және арнайы заңдар­мен, сондай-ақ Кәсіпкерлік кодек­сімен реттеледі.

Сыртқы бақылау нәтижелерi не­гі­зінде заңнама бұзушылықтар анық­талған жағдайда мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде әкiм­шiлiк, тәртiптiк iс жүргiзудi қозғайды не тиiстi талап қою арыздарына бас­тамашылық жасайды және де заң­дарда көзделген өзге де шараларды қолдана алады. Бақылау мен қада­ға­лау субъектілерінің қызметі – ал­дын алу-профилактикалық бақы­лау, заңдармен айқындалатын тек­се­рулер және тергеп-тексеру. Тер­геп-тексеру шаралары Кәсіпкерлік кодексінің жаңа редакциясына осы жылдың 1 қаңтарынан бастап енгі­зілген. Бақылауды ұйымдасты­ру­дың және жүргізудің бірінші саты­сын­да міндетті түрде сақталуы тиіс та­лаптар бар. Олар – тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі, тек­серу парақтарын бекіту, тәуекел­дер­ді бағалау мен басқарудың ақпа­раттық жүйесін автоматты режімге енгізу, бақылау мен қадағалау субъектісіне бармай профилактика­лық бақылау жасау, тергеп-тексеру, бақылау мен қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық ба­қы­лауды және тексеруді тағайындау туралы актіні қабылдау, оны уәкі­летті органда тіркеу. Келесі сатыға лауазымды адамдардың әрекеттері кіреді, яғни, құқықтық статистика жә­не арнаулы есепке алу саласын­да­ғы уәкілетті органда тіркелгені ту­ралы белгі қойылған бақылау мен қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды және тексеруді тағайындау туралы актіні ұсыну, қызметтік куәлігін не сәйкес­тендіру картасын, құзыретті орган­ның режимдік объектілерге баруға арналған рұқсатын және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен берілген, объектілерге бару үшін қажет бола­тын медициналық рұқсаттаманы көр­сету. Тексерудің соңғы сатысында бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы бақылау мен қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау және тексеру нәтижелері бойынша акт жә­не бұзушылықтар анықталған жағ­дайда оларды жою туралы нұсқама әзірленіп, үш данада жасалады. Бі­ріншісі құқықтық статистика және ар­наулы есепке алу саласындағы уә­кілетті органға және оның аумақ­тық органдарына, екіншісі заңды тұлға­ның басшысына не оның уәкілетті адамына танысуға және шаралар қа­былдауға электрондық түрде табыс етіліп, үшіншісі бақылау және қада­ға­лау органында қалады. Тексеру­лерді жүргізу, ұзарту, тоқтата тұру, қай­та бастау, бақылау актілерін рә­сім­деу барысында барлық қағидат­тарды бұлжытпай сақтау маңызды. Нұсқамада көрсетілген, анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі өт­кен­нен кейін белгіленген мерзім ішін­де ақпарат беруге міндетті. Орын алған олқылықтарды жою ту­ра­лы нұсқама ұсынылмаса, бақы­лау және қадағалау органы екі жұ­мыс күні ішінде ақпаратты ұсыну қа­жеттігі туралы сұрау салуға және Кә­сіпкерлік кодексі бойынша жоспар­дан тыс тексеру тағайындауға құқы­лы. Кемшіліктерді қалпына келтірілгенін дәлелдейтін материалдар қоса берілсе, жоспардан тыс тексе­ру жүргізу талап етілмейді. Құзырлы орган ұсынылған ақпаратты зерде­леп, баға беріп, тиісті шешім қабылдайды.

Әкімшілік құқық бұзушылық ту­ра­лы кодекстің 462-ші бабының бі­рінші тармағында мемлекеттiк ба­қыл­ау және қадағалау органдары, мемлекеттік органдардың лауазым­ды адамдары өздерінің құзыретi ше­гiнде берген заңды талаптарды не­месе нұсқамаларды, ұсынуларды, қаулыларды тиiсiнше орындамаса, оларға әкімшілік жауапкершілік қарастырылады. Осы кодекстің 462-ші, 684-ші бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар тура­лы iстердi мамандандырылған ау­дан­дық және оларға теңестiрiлген сот­тардың судьялары қарайды. Бұл ереже мемлекеттік бақылау мен қа­дағалау субъектілерінің барлық қа­тысушыларына қатысты, яғни құқық бұзушылық құрамының барлық бел­гiлерi бар іс-әрекетттер сотқа жол­данып, әкiмшiлiк жауаптылыққа тар­туға негiз болады. Сот практика­сын­да мұндай мысалдар сәулет, қала құрылысы саласында көбірек кезде­седі. Азаматтық қорғау жө­ніндегі іс-шараларды жүргізу про­це­сінде де келеңсіз қоғамдық қаты­нас­тар жиі ұшырасады. Оның ішінде өрт фактілері адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндіретін, жеке және заңды тұлғаларға, қоғам мен мемлекет мүдделерiне материалдық нұқсан келтiретiн техника­лық және әлеуметтiк сипаттағы ар­найы қатерге жатқызылады. “Аза­маттық қорғау туралы” заң бойынша азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық және салалық кіші жүйелерден тұрады. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау профилактикалық бақылау және тек­серу нысанында жүзеге асы­рыла­ды. Өртке қарсы мемлекеттік қыз­мет ұйымдары бұзушылықтарды анық­таған жағдайда арнайы нұсқа­ма береді. Талаптарды орында­мау­дың ақыры жауаптылыққа әкеп соқ­тырып, оның негізінде әкімшілік жа­заға тартылады. Жеке тұлғаларға бес айлық, лауазымды адамдарға он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектi­ле­рiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз, ірі кәсіпкер­лік субъектілеріне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айып­пұл салынады.

Мемлекеттік басқаруда қабыл­дан­ған нұсқамалар қоғамда жаңа құ­қықтық қатынастардың орнығуына себепкер болатыны жергілікті тә­жі­рибеде аз кездеспейді. Олар­дың бір парасы міндетті түрде орындалуға жатады. Мемлекет тарапынан бақы­лауға алынған субъектіде құжатты орындау талап етіледі. Нұсқама орын­далмаса, мәжбүрлеу шарасы қолданылады. Егерде бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуы жөнінде ақпарат ұсы­ныл­маса, жоспардан тыс тексеру тағайындалады. Мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарымен бірлесіп қабылдаған уәкілетті орган­ның шешімі нормативтік емес құқық­тық актілерге жатқызылады. “Құқық­тық актілер туралы” заңға сәйкес, жеке қолданылатын құқықтық акт уәкілетті органның өкілеттігін іске асы­ратын, бірақ құқықтық норма­лар­ды қамтымайтын жазбаша рес­ми құжат саналады.

Жоғарыда атап өткендей, қоғам­да қалыптасқан барлық қатынастар­ды мемлекет тарапынан реттеудің маңызы зор. Осы себепті адамдар­дың өмірі мен денсаулығының қа­уіпсіздігі, олардың заңды талапта­рын, қоршаған ортаның бүлінбеуін, мүліктік мүдделерін қорғау құқықтық мемлекеттің негізін құрайтындық­тан, мемлекеттік реттеудің мәні ай­рықша. Сондықтан экономиканың дамуына, ал кәсіпкерлер тарапынан заң нормаларының қатаң сақталуы­на, ұлттық экономикаға инвестиция­лар тартуды ынталандыратын ме­ханизмдерді жандандыруға, адал бә­секелестікті дамытуға, оған жағ­дай­лар жасауға, шағын және орта бизнес өкілдерінің іскерлік беделіне нұқсан келтірмеуге бәріміз де мүдделі болуымыз тиіс.

Дархан БЕЙІСОВ,

Петропавл қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp