Жақында Моңғолияның Баян-Өлгей аймағына еліміздің бес жоғары оқу орнының өкілдері барып, жастарды, оқуға шақырды. Олардың қатарында М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың “Foundation” факультеті де бар. Шараға аймақтың білім басқармасының басшылары, әдіскерлер, мектеп түлектері мен ата-аналар қатысып, білім алуға қатысты мәселені талқыға салды. Сыртта жүрген ұлты қазақ жеткіншектер атамекенге оралып, білім алғысы келетіндерін ашық айтты. Бүгіннің өзінде 691 түлек атажұртына келіп, жоғары білім алуға ниетті.
Сондай-ақ академиялық ұтқырлық, қос дипломдық бағдарлама бойынша екі жақты ынтымақтастық орнату, университет базасында орталықтар ашу сынды ұсыныстар айтылды. Кездесу барысында қазақстандық жоғары оқу орындары жиналғандарға өз мүмкіндіктерін, жетістіктерін таныстыратын көрме ұйымдастырды.
Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,
“Soltústik Qazaqstan”.