20-22 шілде аралығында Орал қаласында Ішкі істер министрлігі мен “Динамо” дене шынықтыру және спорт қоғамының Х ведомствоаралық спартакиадасы аясында Президенттік көпсайыстан Қазақстан чемпионаты өтті. Онда елдің барлық аймақтарының полицейлері қатысты.
Барлығы 29 команда өнер көрсетіп, погон таққан 150-ден астам спортшынының басы қосылды. Тәртіп сақшылары Макаров тапаншасынан ату, жүзу, граната лақтыру, сондай-ақ қысқа және ұзақ қашықтыққа жүгіру сайыстарында бақ сынасты. Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері тартысты өткен жарыста жалпыкомандалық 1-ші орынға ие болды. Команданың құрамында облыстық полиция департаменті аппаратының қызметкерлері – Олег Гурский, Дмитрий Шварц, Александр Хакимов және Елдос Сыздықов болды. Дмитрий мен Александр жеке есепте бірінші, Олег екінші орынға ие болды. Жарыс қорытындысы еліміздің құқық қорғау органдары, күш және арнайы құрылымдар қызметкерлерінің ведомствоаралық спартакиадасы есебіне алынды. Онда да Дмитрий Шварц бірінші орынды иеленді.
Рабиға ЕРАЛЫ,
“Soltústik Qazaqstan”.