«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 02.08.2023

Құшағымыз айқара ашық

Шіліңгір шілде айында “Отан­дастар” қорының ұйымдасты­руы­мен Моңғолияда тұрып жатқан қазақтардың кіші құрылтайы өтіп, оған қатысу бақытына ие бол­дық. Аталмыш іс-шара аясында рес­публика жоғары оқу орындарының білім көрмесі ұйымдастырылып, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қа­зақстан университетінің “Founda­tion” факультеті этникалық қазақ жастарын Қызылжар өңірінде білім алуға шақырды. Жергілікті БАҚ-тар­ға ақпараттық хабарландырулар орналастырылып, Баян Өлгей аймағы білім басқармасының қолдауы­мен түсіндіру …

Құшағымыз айқара ашық Read More »

БАРЫМЫЗДЫ БАҒАЛАЙЫҚ

Президент Қасым-Жомарт То­қаев Қазақстан халқы Ассамблея­сының ХХХІ сессиясында сөйлеген сөзінде жаңа Қазақстан – қарқынды түрде өзгеріп жатқан әлемде біре­гейлігімізді нығайтудың жолы екенін қадап айтқан болатын. “Біз көзқарастарымыз бен на­ным-сенімдеріміздегі айырмашылық­­тарға қарамастан, бір-бірімізді түсінуге және құрметтеуге тиіспіз. Біз­ді біріктіретін, күшейтетін, үйлестіре­тін ортақ құндылықтарға ұмтылуы­мыз қажет. “Әртүрлі көзқарас – бір­тұтас ұлт” деген қағидамыз мызғы­май­ды. Патриотизмнің жоғары құн­дылықтарын …

БАРЫМЫЗДЫ БАҒАЛАЙЫҚ Read More »

МАҒЖАННЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖИНАҒЫ

Ұлт зиялыларының мерейтойы жоспар үшін жасалған сансыз іс-шарамен һәм соңы дауға ұласқан ескерткіштермен шектелмесе керекті. Көрнекті тұлғалардың мерейлі жылы қоғамның мәдениетіне, рухани дамуына игілігі тиер бастама болуға тиіс. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та: “Бүгінгідей технологияның заманында той-томалақтың әңгімесін айтып, бір-бірін асыра мақтап, ас ішіп, аяқ босатқанға риза кейіпте жүру әдетінен арылу керек. Той қуалайтын емес, …

МАҒЖАННЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖИНАҒЫ Read More »

Қор қаржысы қалай жұмсалады?

“Менің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандаруға аударған жарналарым қайда?”, “Қорға қанша ақша жиналды, емханаға бармасақ ақшаларымыз күйіп кете ме?” деген сұрақтар әлеуметтік желіде жиі қойылады. МӘМС жүйесі 2020 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанына және оны енгізу туралы ақпарат үнемі жарияланатынына қарамастан, азаматтардың көпшілігі әлі күнге дейін жарналар мен аударымдар қайда кететінін білмейді. МӘМС жүйесі медициналық …

Қор қаржысы қалай жұмсалады? Read More »

Жабайы сауда қашан жойылады?

Бірқалыпты өмірінен танбайтын Қызылжардың тіршілігі демалыс күндері қызатындай. Орталық көше­лер мен саябақтар толған адам. Сауда орындарында да шуылдаған жұрт өзіне керегін алып жүр. Сату­шылардың да шаруасы өрге дома­лайтын сәт. Тұтынушының талға­мына сай тауар ұсынып, көңілінен шыға алса, табысы да молая түспек. Күннің ыстығында пана іздеп сауда орталығына кіргендер мұндағы сал­қын ауамен тыныстап, баяу жүріп дүкен …

Жабайы сауда қашан жойылады? Read More »

ОН ЕКІ ҚЫЗҒАЛДАҚ, БІР ШОҚ ҚЫРМЫЗЫ

Тұрысбек Сәукетаев – жазушы, аудармашы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. 1950 жылы 14 қарашада Алтай өлкесінде туған. “Сүткенже”, “Айлы түн еді”, “Қайыңдар, аппақ қайыңдар”, “Көлеңкелер патшалығы” әңгіме-повестер мен “Айқараңғысы”, “Жел­қайық”, “Эпилог”, “Қызылбалақтың қазасы”, “Мен – жындымын”, “Өлгендер қайтып келеді” романдарының авторы. Аударма саласында өнімді еңбек етіп келеді. Екі жүзден астам киносценарий, Ги де Мопассанның, Амброз Бирстің …

ОН ЕКІ ҚЫЗҒАЛДАҚ, БІР ШОҚ ҚЫРМЫЗЫ Read More »

Қатерлі ісікке себеп

Төменгі сыныптардан-ақ кейбір балалар зиянды әдеттерге әуес болады. Балалар білместік­тен, еліктегіштіктен өздерінің жаман әдетке үйреніп кеткендерін байқа­май қалады. Жаман дағдыны бір рет бастаған жеткіншектің одан құтылуы оңай емес. Снюс – түтінсіз темекі өнімінің бір түрі. Өнім қолжетімді болғандық­тан ол мектеп оқушылары мен жас­өспірімдер арасында кең тараған. Со­нымен қатар ол классикалық те­мекіге қарағанда арзанырақ. Темекі шеккен …

Қатерлі ісікке себеп Read More »

ІРІ ҒАЛЫМ, ТАЛАНТТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының ака­де­мигі, Қазақстан жоғары мектебінің ұйымдастырушысы, рес­публикаға еңбегі сіңген ғылым қайраткері, химия ғылымдарының докторы, профессор Зейнолла Молдахметовті спектроскопия және кванттық химия бойынша зерттеулердің негізін қа­лау­шы­лардың бірі десек, қателесе қоймаспыз. Ол – бар саналы ғұмырын ғылым мен ағарту ісіне арнап өткен жан. Туған жері – Жамбыл ауда­нының Октябрь ауылы. 1933 жылы 3 …

ІРІ ҒАЛЫМ, ТАЛАНТТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ Read More »