«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАРЫМЫЗДЫ БАҒАЛАЙЫҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Президент Қасым-Жомарт То­қаев Қазақстан халқы Ассамблея­сының ХХХІ сессиясында сөйлеген сөзінде жаңа Қазақстан – қарқынды түрде өзгеріп жатқан әлемде біре­гейлігімізді нығайтудың жолы екенін қадап айтқан болатын.

“Біз көзқарастарымыз бен на­ным-сенімдеріміздегі айырмашылық­­тарға қарамастан, бір-бірімізді түсінуге және құрметтеуге тиіспіз. Біз­ді біріктіретін, күшейтетін, үйлестіре­тін ортақ құндылықтарға ұмтылуы­мыз қажет. “Әртүрлі көзқарас – бір­тұтас ұлт” деген қағидамыз мызғы­май­ды. Патриотизмнің жоғары құн­дылықтарын ұлтаралық артықшы­лық сезімімен алмастыруға, достық пен бірліктің орнына бір-біріне деген өшпенділікке жол берілмейді”, – деп атап көрсетті Президент.

Иә, ортақ мақсатқа жұмылған күш-жігер арқылы ғана зайырлы, жа­ңарған қоғам құра аларымыз кәміл. Өз тағдырларын Қазақстанмен бай­ланыстырған барлық этнос өкілдері өз өмірлеріне баға жетпес байлығы­мыз – бейбітшілік пен келісімді басты арқау еткен. Олардың да тілегі – достық, бірлік, өзара түсіністік, отан­шылдық рух. Этносаралық келісім – адамның өнегелі тәрбиесінің, жоға­ры мәдениеттілігінің көрсеткіші. Рес­публика жұртшылығы этносаралық келісімді ең маңызды жетістіктердің бірі және ұлттық мәселелердің ғы­лыми шешімінің нәтижесі, қоғамның дамығандығының көрінісі ретінде бағалайды.

Қазақстан – бейбітшілік пен ке­лісім сақталған, түрлі этностар өзара ынтымақтастықта өмір сүріп жатқан біртұтас ел. Бүгінде бір шаңырақ ас­тында 18 конфессияның өкілдері бір­лік пен келісімде өмір сүріп жатыр. Азаматтарға өз қалауы бойынша дін ұстану еркіндігі мен әр ұлттың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрінің сақталуына мүмкіндік берілген. Халқымыздың ке­лісімі мен бірлігі оның саяси тұрақ­тылығын нығайтудың, экономика мен әлеуметтік жағдайын жетілдіру­дің негізі болып табылады. Мамлют ауданында конфессияаралық қаты­нас­тарды үйлестіру және діни бір­лестіктердің қызметіне мониторинг жүргізу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Аудан аумағында 2 мұсылман, 2 правосла­виелік діни бірлестік бар. Мемлекет­тік-конфессиялық қатынастардың не­гіздерін түсіндірумен, діни экстре­мизм мен терроризм идеоло­гия­сы­ның таралуының алдын алумен ай­налысатын ақпараттық-түсіндіру тобы құрылған, оның құрамына дінтану пәнінің мұғалімдері, поли­цейлер, мемлекеттік қызметшілер топ­тасқан. Олардың үшеуі Ұлттық қауіп­сіздік комитетінің академиясында біліктілікті арттыру курсынан өтіп, сертификат алды.

Ақпараттық-түсіндіру тобының мү­­шелері өзін-өзі жұмыспен қамтушылар, 9-11 сынып оқушылары, кол­ледж студенттері, базарлар мен сау­да орындарының – жұмысшы-қыз­мет­керлері, “NEET” санатындағы жас­тар, спортшылар, пробация қызме­тін­де есепте тұрған адамдардың ны­саналы (проблемалық) топтарымен кездесулер, ақпараттық сағаттар, “дөңгелек үстелдер”, бейнекөрсетілімдер және тағы да басқа түрлі фор­маттағы іс-шараларды жүйелі түрде өткізеді. Жыл басынан бері 28 іс-шара ұйымдастырылып, дін сала­сын­дағы мемлекеттік саясаттың не­гізгі ережелері, қоғамдағы зайырлы­лық, конфессияаралық және этнос­аралық келісім қағидаттарын іске асыру мәселелеріндегі мемлекеттің ұстанған бағыты, экстремизм мен тер­роризмнің зияндылығы туралы ақпараттар ұсынылды.

Сондай-ақ еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылық үшін толеранттылық пен рухани келісім идеяларын наси­хаттау мақсатында этномәдени орталық, дін өкілдерінің және жастар­дың қатысуымен өткізілген “Дін бір­лігі – мемлекет тұтастығы”, “Рухани келісім – бейбітшілік тірегі” басқосула­рының танымдық мәні зор болды.

Дінаралық және конфессия­ара­лық келісім Қазақстан халқының ру­хани дәстүрінің өзегі саналады. Өт­кен мен бүгіннің стратегиялық жетістігі – көпконфессиялы халқымыздың бірлігі. Тәуелсіздік жылдарындағы баға жетпес мұрамыз бен рухани бай­лығымыздың сақталып, “Біз әртүрлі­міз – біз теңбіз” қағидатының жүзеге асуына бәріміз де мүдделіміз.

Алмагүл РАМАЗАНОВА,

Мамлют аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp