«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қатерлі ісікке себеп

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Төменгі сыныптардан-ақ кейбір балалар зиянды әдеттерге әуес болады. Балалар білместік­тен, еліктегіштіктен өздерінің жаман әдетке үйреніп кеткендерін байқа­май қалады. Жаман дағдыны бір рет бастаған жеткіншектің одан құтылуы оңай емес.

Снюс – түтінсіз темекі өнімінің бір түрі. Өнім қолжетімді болғандық­тан ол мектеп оқушылары мен жас­өспірімдер арасында кең тараған. Со­нымен қатар ол классикалық те­мекіге қарағанда арзанырақ. Темекі шеккен соң адамның жанында бі­разға дейін иіс тұрса, снюстің иісі тез тарап кетеді. Түтін сезбеген соң ата-ана күдіктене қоймайды.

Снюс шеккеннен кейін жасөспірімнің ни­котинге тәуелділігі артады. Ағза­сы ауырсынуды сезіне бастай­ды. Тәжірибе көрсеткендей, бірден қоймаса үш жыл ішінде темекіге тәуелділік қалыптасып кетеді.

Түтінсіз темекі өнімдері қоғам­дық денсаулық саласының өзекті мә­селесі болып табылады. Дегенмен әлемдік деңгейде бұл мәселеге жеткілікті мөлшерде емес назар аударылмауда.

Никотин инсектицидті зат болып табылады, сондықтан снюсті ұзақ уақыт пайдаланған адамның психи­калық және физикалық қал-жайында ауытқулар басталып, денсаулы­ғы сыр бере бас­тайды. Тамыр тартылып, қан қысы­мының жоғарылауынан, бас ауруы күшейеді. Снюсті пайдаланған кезде:

– кариес, пародонтит, қызыл иектің ойық жаралары және ауыз қуысының басқа патологиялары пайда болады;

– ағзадағы қант диабетіне әкеліп соқтыратын көмірсу алмасуы бұзылады;

– никотин атеросклеротикалық бляшкалардың қалыптасуын, қан та­мырлары мен жүрек ауруларының дамуын қозғай отырып, ақырындап қан тамырларын зақымдайды;

– қатерлі ісіктің даму ықтимал­дығын арттырады.

Өкінішке қарай баланың снюс қолданып жүргенін анықтау қиын. Темекіден айырмашылығы, снюстен түтін шықпайды. Сонымен қатар оған хош иістендіргіштер қосылғандықтан бала аузына кәмпит салып алғандай көрінуі мүмкін.

Егер балаңыз снюс қолданса не істеу керек? Ең алдымен, бала­ны қорқытпай-үркітпей, салмақты әңгімеге тартыңыз. Оның бұл әдетті қайдан үйренгенін біліп, әрі қарай жолын кесуге тырысыңыз. Бұл заттың зиянын нақтылап жеткізіңіз. Кеңес алу үшін ме­дициналық ұйымға жүгінуге болады, онда баламен дә­рігерлер және психологтар жұмыс жүргізеді. Снюс қолдануды тоқтату темекі шегуден бас тартуға қараған­да аса қиын процесс, көбінесе ма­мандардың көмегі қажет болады.

Әйгерім ІРГЕБАЕВА.

Петропавл қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp