«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПАЙДАСЫ МОЛ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізге жұмыс сапарымен Ішкі істер министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Сәкен Сәрсенов келіп, полиция бөлімшелерінің жұмысымен танысты.

Сапардың мақсаты – полицияның заманауи цифрлық технологияларды пайдалана отырып, адамдардың құқықтық тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін тексеру. Осы ретте вице-министрге қызметтік тұрғын үймен біріктірілген №4 қалалық учаскелік полиция пункті, Петропавл қаласының полиция басқармасы, жедел басқару орталығының жұмысы мен техникалық ресурстары таныстырылды

Бүгінгі таңда Петропавл қалалық полиция басқармасының жұмысы цифрлық форматқа ауыстырылды.  Осының нәтижесінде барлық қылмыстық істер электрондық үлгіде тергеледі. Полиция кабинеттері бейнебақылаумен жабдықталған, жұмыс үдерісі үздіксіз жазылады. Сондай-ақ министрдің орынбасары биыл құрылған криминалдық полиция бөлімшесі – “Киберпол” қызметінің жұмысы қалай үйлестірілгенін де сұрап білді.

Жедел басқару орталығында полиция қызметкерлері 420 бейнекамераның көмегімен Петропавлдың көшелеріндегі жағдайды бақылайды. Жалпы облыс орталығындағы әлеуметтік инфрақұрылым нысандарында 33 мың камера бар.  Оның сегіз мыңы орталыққа қосылған. Сонымен қатар орталықта екі жылдан бері “102” мобильді қосымшасы жұмыс істейді. Биыл осы арна арқылы тұрғындардан 130-дан астам хабарлама түскен. Тәртіп сақшыларының бейнетіркегіштерді қалай пайдаланып жүргені де назардан тыс қалмады. Облыстың патрульдік полиция қызметкерлері “бейнежетонмен” толық жабдықталған.

Сапар аясында цифрландыру, білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік басқармаларының, сондай-ақ “Қазақтелеком”АҚ өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. Мүдделі ведомстволардың ішкі істер органдарымен өзара іс-қимылды күшейту, білім беру объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамдар көп жиналатын жерлерде құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша бірқатар мәселелер талқыланды.

Юрий КЛЫКОВ,

облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің аға инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp