«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 09.08.2023

Еңбек етсең емерсің

Қоғамдағы өзекті мәселенің бірі – жұмыссыздық. Екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жастар аз емес. Статистикаға сүйенсек, қазақстандық жастардың 6 пайызы жұмыссыз. “Жастар тәжірибесі”, “Ұрпақ келісімшарты”, “Бірінші жұмыс орны” сияқты бағдарламалар осы олқылықтың орнын толтыруды көздейді. Облыстық жастар ресурстық орталығының өкілдері өз замандастарына жұмыс тауып беруге жәрдемдесуде. Жақында орталық қызметкерлері акция ұйымдастырды. – Біз …

Еңбек етсең емерсің Read More »

Жемқорлықпен бірге күресейік!

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі “Жемқорлыққа қарсы волонтерлік” атты жобаны жүзеге асыруды мақсат етіп отыр. Ондағы мақсат – азаматтарды өз қатарына ерікті түрде тарта отырып, қоғамда жемқорлыққа төзбеушілік ахуал қалыптастыру, сондай-ақ жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептерді және олардың салдарын жою бойынша жұмыстарды күшейту. Әлеуетті волонтер ретінде белсенді азаматтар, қоғамдық ұйымдар, студенттер, студенттік ұйымдар, …

Жемқорлықпен бірге күресейік! Read More »

АЛЫПСАТАРЛАР САНЫН АЗАЙТУ КЕРЕК

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров Петропавл қаласындағы бірқатар базарлар мен супермаркеттерде болып, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын және жергілікті өнімдердің қолжетімділігін тексерді. Сатушылардың жағдайымен танысқан өңір басшысы тұрақтандыру қорының сауда орындарына да бас сұқты. Өңір басшысы, ең алдымен, “Aimer” дүкенін, содан кейін “Алтын арман” базарын, “Тайга” сауда орталығын аралады. Халық арасында сұранысқа ие өнімдер бағасының қымбаттап …

АЛЫПСАТАРЛАР САНЫН АЗАЙТУ КЕРЕК Read More »

Тіркеу аяқталды

Облысымызда 27 тамыз күні аудандық маңызы бар қала және ауылдық округтер әкімдерінің сайлауы өтеді. Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, әкім сайлауы өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты – Айыртау, Ақжар, Есіл, Жамбыл, Мағжан Жұмабаев, Мамлют, Ғабит Мүсірепов атындағы, Тайынша, Тимирязев, Шал ақын аудандарында, өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты – Айыртау, Аққайың, Есіл, Қызылжар, Ғабит Мүсірепов атындағы, Тимирязев, Шал …

Тіркеу аяқталды Read More »

Тамшылатып суарудың пайдасы көл-көсір

Әлем бойынша климаттық жағдайлардың күрт өзгеруіне және суға деген сұраныстың күрт артуына байланысты тіршілік көзінің жетіспеушілігі байқалып отыр. Осындай тығырықтан шығудың жолын өңірде бірінші болып Тайынша ауданына қарасты “АСТЫҚ-СТЕМ” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұсынды. Бұл кәсіпорын тамшылатып суару әдісін алғаш рет енгізіп, игілігін көріп келеді. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетовтің қатысуымен өткен жиында шаруашылықтың іс-тәжірибесі …

Тамшылатып суарудың пайдасы көл-көсір Read More »

Ұлттық рухтың жаршысы

Шал ақын аудандық тарихи-өлкетану музейінде Алаштың ардақты перзенті, ақын Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған “Ұлтын сүйген ұлы жүрек – Мағжан” атты жылжымалы көрме ашылды. Ақын дүниеге келген Мағжан Жұмабаев ауданында тұсауы кесілген көрмені енді шалақындықтар тамашалай алады. Биыл туғанына 130 жыл болған Мағжан Жұмабаев – қазақтың ғана емес, тұтас түркі жұртының мақтаны­шы. Ақынның Отанға деген …

Ұлттық рухтың жаршысы Read More »

Ғылым фестивалі

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде “National Conservation Initiative” қорының ұйым­дас­тыруымен климаттың күрт жылы­нуына және экологиялық мәселелерге арналған “Climate week” ғылыми фес­тивалі өтті. Іс-шараға еліміздің ірі 14 жоғары оқу орнының өкілдері мен Гер­мания, Ресей және Өзбекстан елде­рінен келген студенттер қатысты. Экологиялық мәселелерді шешу үшін еліміз бойынша бірқатар бағ­дарлама іске қосылған. Солардың бірі – “National Conservation Initiative” …

Ғылым фестивалі Read More »

Жасарған жаман ауру

Соңғы уақытта нәзік жандар ара­сында жатырдың қатерлі ісігіне шал­дыққандар саны көбеюде. Маман­дар­дың айтуынша, осыдан бірнеше жыл бұрын аты жаман дертпен 45 жастан асқандар ауырса, соңғы кез­дері ісік 25-30 жастағы қыз-келіншектерден табылуда. Биыл онколо­гиялық орталыққа жүгінген 35 адам­нан жатыр обыры анықталған. – Қыз-келіншектердің 33-інде ісік ерте сатысында анықталды. Ал екеуінікі – 4-ші деңгей. Біреуі үй жағ­дайында …

Жасарған жаман ауру Read More »

Жүректілер сайысы

Автомотоспорт сайысын ұйым­дастырудың өз қиыншылықтары мен артықшылықтары бар. Спорттың қай түрі болмасын, ережелері мен тәр­тібіне бағынбасаң – қауіпті. Бойдағы қанды басқа шапшытатын доданың бұл түріне қызығатындар – көп, бірақ тәуекелге баратындар – аз. Сондай жүректілердің басын қосқан дода жуырда Петропавл қаласында ұйым­дастырылды. Мұндай сайыс ал­ғаш рет 2017 жылы қалалық автобус паркінің, одан кейін Петропавл ауыр …

Жүректілер сайысы Read More »

Гауhар тойдың төрінде

Өмірдің ыстығы мен суығын, бей­неті мен зейнетін бірге тартқан ерлі-зайыптылардың айрандай ұйыған ша­ңырағының шайқалмайтынына жуырда куә болдық. Құт, бе­реке, ырыс дарыған отбасы діңінің беріктігі түсіністік, сыйласымдылық деген адами асыл қасиеттерден бас­тау алатын сияқты. Өз бақытын бай­лықтан да, мансаптан да емес, бауыр еті – баладан іздеген Айғожа ақ­сақал мен Күлзайра әжейдің өза­ра жарасып, түтін түтетіп келе …

Гауhар тойдың төрінде Read More »

БЕСТІҢ ШАЙЫ

Кейде замандастарымыздың теріс қылықтарын байқаған аға буын өкілдері оларға кейіп, қынжылыста­рын білдіріп жатады. Шынында да ұлттық тамырымыздан ажырап бара жатқан, баба жолын білмейтін­дерді көргенде көңілімізге қаяу тү­сетіні рас. Алайда осы күні өз қатар­ластарының арасында салт-дәстүрлерімізді насихаттап, игі істер істеуге тырысып жүрген ұл-қыздар да бар. Солардың бір тобы жергілікті университет қабырғасын­да оқиды. Олар мұнда текке жүр­мей, …

БЕСТІҢ ШАЙЫ Read More »

Ат қоюға абай болайық!

Басындағы байлығын бауы­рындағы баласымен өлшеген хал­қымыз сәбиінің есіміне де ерекше мән берген. Ат қоятын адамның өзін аттай қалап, көп арасынан таңдап алғанын шешендік сөз­дер, тарихи деректерден жақсы білеміз. Өздері құрмет тұта­тын, елге сыйлы азаматтарға сәбиінің есімін қойғызған немесе бауыр еті баласына ырымдап, елге танымал тұлғалардың есі­мін берген. Қоғамның түрленіп, заманның ауысуына байланысты ат қою дәстү­рі …

Ат қоюға абай болайық! Read More »

“БЕСІК ЖЫРЫНАН” НЕГЕ БЕЗЕМІЗ?

“Әлди-әлди, ақ бөпем, Ақ бесікке жат, бөпем! Жылама, бөпем, жылама, Жілік шағып берейін. Байқұтанның құйрығын Жіпке тағып берейін. Әлди-әлди, аппағым, Қойдың жүні қалпағым, Жұртқа жаман болса да, Өзім сүйген аппағым!”. Халқы­мыз­дың қазыналарының бірі – бе­сік жырын тыңдағанда әжем жарық­тық еске түседі. Түннің жарымына дейін жиегі қазақтың ою-өрнегімен кестеленген ақ бесікті тербетіп отыратын. Бәріміз сол бесікте …

“БЕСІК ЖЫРЫНАН” НЕГЕ БЕЗЕМІЗ? Read More »

АҚЫН ӨЛЕҢДЕРІНІҢ НҰСҚАЛАРЫ

Абайтану тарихында Зейнелға­би­ден Әміреұлының есімі лайық­ты орын алуы тиіс. Профессор М.Мыр­захметов оны “ұлттық ой-санасы ерте оянған, сол жолда қолынан келер әрекеттен аянбаған, Абай мұ­ра­сын баспасөзде насихаттап, татар халқына танытуға арнаған талпыну­шылардың бірі”, – деп таныстырады. Зейнелғабиденнің 1909 жылы Уфа қаласында басылған: “Насихат Қаза­қия” кітабы – Абай мұрасын наси­хат­тау мен алғаш танып, дәл бағалауда революцияға дейінгі …

АҚЫН ӨЛЕҢДЕРІНІҢ НҰСҚАЛАРЫ Read More »

Үлкен қуаныш, зор мәртебе

Ұлттың бүгіні де, болаша­ғы да тәрбиелі, білімді ұрпаққа тікелей байланысты. Мектеп­те оқу-тәрбие үрдісінде даныш­пан Абай мұрасын пайда­ла­ну өсіп келе жатқан өрендер­дің ақыл-парасатының биік бо­луына, мінез-құлқының кемел­де­нуіне руха­ни тұрғыдан ықпал етері даусыз. Ғұламаның пе­дагогикалық көзқарасындағы басты ұстаным “Атаның ба­ласы болма, адамның баласы бол”, – деген қағидаға саяды. 2020 жылы ұлы Абайдың туға­нына 175 жыл толуына орай …

Үлкен қуаныш, зор мәртебе Read More »

Санамызға сәуле құйған

Дана сөздің иесі, данышпан, ойшыл Абай атамыздың рухани мұрасымен сусындау мен үшін үлкен олжа. Ұлы ақынның “Ғылым таппай мақтанба!” деген өлеңін бастауыш сыныпта оқып жүргенде жаттап алған едім. Содан бері ғұламаның кітаптары қолымнан түскен емес. Мен Абай атамыздың бес асыл ісіне асық, елімнің жанашыры болуды мақсат етемін. Бос уақытым­да кітап оқып, үйірмелерге баруды әдетке айналдырғанмын. …

Санамызға сәуле құйған Read More »