«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЕСТІҢ ШАЙЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Кейде замандастарымыздың теріс қылықтарын байқаған аға буын өкілдері оларға кейіп, қынжылыста­рын білдіріп жатады. Шынында да ұлттық тамырымыздан ажырап бара жатқан, баба жолын білмейтін­дерді көргенде көңілімізге қаяу тү­сетіні рас. Алайда осы күні өз қатар­ластарының арасында салт-дәстүрлерімізді насихаттап, игі істер істеуге тырысып жүрген ұл-қыздар да бар. Солардың бір тобы жергілікті университет қабырғасын­да оқиды. Олар мұнда текке жүр­мей, өз пікірлестерінің басын қосып жаңа істі қолға алған. Белсенді қыз-жігіттер өз бастамаларына “Бестің шайы” деген атау беріпті.

Аты айтып тұрғандай рухани әң­гімеге шөлдеген, әдебиетке, өнерге жаны жақын жастар кешкісін бірге жиналып, қандай да бір тақырып төңірегінде әңгіме өрбітеді. Көбіне мұндай отырыстар үстінде бүгінгі күннің өзекті мәселелері мен көркем әдебиет талқыға түседі. Қатысу­шы­лар өлең оқып, өз өнерлерін көрсе­теді, бір-бірінің туындыларына баға беріп, еркін пікір алмасады. Осындай қызу әңгімемен “Бестің шайы” көзді ашып жұмғанша өтіп кетеді.

Мұндағы шай үстіндегі кездесу­лерге тек студенттер ғана емес, ай­тары бар аға буын өкілдері де келіп, білгенімен бөлі­сіп жатады. Әзірше мұндай сыр-сұқбаттарға келушілердің саны көп емес. Десе де ұйымдастырушылар жуық арада өз орталары толығып, қатары арта түсетініне сенеді.

Ақәділ ТАЛАПБЕКОВ,

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың студенті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp