«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ғылым фестивалі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде “National Conservation Initiative” қорының ұйым­дас­тыруымен климаттың күрт жылы­нуына және экологиялық мәселелерге арналған “Climate week” ғылыми фес­тивалі өтті. Іс-шараға еліміздің ірі 14 жоғары оқу орнының өкілдері мен Гер­мания, Ресей және Өзбекстан елде­рінен келген студенттер қатысты.

Экологиялық мәселелерді шешу үшін еліміз бойынша бірқатар бағ­дарлама іске қосылған. Солардың бірі – “National Conservation Initiative” қоры. 2012 жылы негізі қаланған әлеуметтік, қайырымдылық қоры тұрақты түрде жастар үшін ғылыми фестиваль ұйымдастырып отырады.

Бірнеше күнге жалғасатын фестиваль барысында қатысушылар климат­тың өзгеруіне қатысты бірқатар жо­баларын ұсынады. Шара қонақтары Айыртау ауданында орналасқан Имантау-Шалқар демалыс орын­дарына саяхат жасамақ.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp