«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ат қоюға абай болайық!

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Басындағы байлығын бауы­рындағы баласымен өлшеген хал­қымыз сәбиінің есіміне де ерекше мән берген. Ат қоятын адамның өзін аттай қалап, көп арасынан таңдап алғанын шешендік сөз­дер, тарихи деректерден жақсы білеміз. Өздері құрмет тұта­тын, елге сыйлы азаматтарға сәбиінің есімін қойғызған немесе бауыр еті баласына ырымдап, елге танымал тұлғалардың есі­мін берген.

Қоғамның түрленіп, заманның ауысуына байланысты ат қою дәстү­рі де өзгеріп отыратыны заңдылық. Есімдер де ескіріп, қайта түрленіп, жа­ңарып отырады. Бұған сол дәуір­дің ағымы, сол кездегі мәдени-тари­хи оқиғалар да әсер етеді. Мысалы, ертеде жиі қойылған Дауылбай, Ал­пысбай, Жетпісбай деген өңкей “байлардың” атымен қазір сәбиле­рімізді атай алмаймыз.

Ат қоюға келгенде қазақтан артық қиялы ұшқыр халық жоқ шы­ғар, сірә?! Қазір бейне бір бә­секеге айналып кеткендей. Жұртшы­лық баласына елде жоқ ерекше есімдер­ді қоюға құмар. Олардың бәрі бірдей мән-мағыналы, жара­сым­ды болса бір жөн, естір құлаққа ерсі есімдер де естіліп қа­лып жүр. Балам болашақта қаржы­дан тарықпасын, қалталы бол­сын де­ген мақсатты көздеген бір жер­лесі­міздің сәбиін Теңгебек деп атаға­нын естігенде көңіліміз құлазып қал­ған. Жуырда телеарнадан елімізде Ро­мео, Теңіз, Эдельвейс, Саммидас­тана, Эве­рест деген есімді иеленген жандар­дың бар екенін білдім. Қазақ­станда 27 Мәслихат, 21 Мәжіліс, 13 Нұрлыжол, 9 Нұротан, 7 Сенат, 7 Пар­тия есімді бар көрінеді.

Соңғы жылдары Әлихан, Кәусар, Томирис есімдері жиі қойылуда. Әри­не, қазақ жігіттерінің Әлихан Бөкей­хановтай ұлтжанды тұлға, қыздары­мыздың Тұмар ханшайымдай на­мыс­ты болғанын бәріміз қа­лаймыз. Алайда ат қоюда тавтоло­гияға жол бергеніміз де дұрыс бол­мас. Қазақ­тың бостандығы жолында бастарын бәйгеге тіге жүріп қызмет еткен, бү­гінде есімдері ұмытылып бара жатқан өзге де Алаш арыстарының ат­тары қайта жаңғырса нұр үстіне нұр емес пе?

Жанар АЛДИЯРҚЫЗЫ,

Петропавл қаласының тұрғыны.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp