Асханасы жоқ мектептер бастауыш сынып оқушыларына тегін тамақты қалай бермек?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірлік коммуникациялар қызметі өткен баспасөз мәслихатында “Солтүстік Қазақстан облысындағы білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы туралы” айтылды. Облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Алёна Мальгаева 10-24 шілде аралығында өңірдің барлық мектебінде жүргізілген мониторингтің қорытындысын баяндады.

Мамандар білім беру ұйымдарындағы интернет желісінің жылдамдығына, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне, қауіпсіздік шараларына, соның ішінде бейнебақылау жүйесінің, лицензияланған күзет, турникет, дабыл түймесінің, жылы дәретхананың, спорт залдардының, асханалардың, пәндік кабинеттердің (химия, физика, биология) болуына назар аударған.

Спикердің айтуынша, мектептердің 85 пайызы бейнебақылау жазбаларын 30 тәулік сақтай алады. Облыс мектептерінің 289-ы немесе 64 пайызы полицияның жедел басқару орталығына қосылған. Бұл жүйе оқушы саны көп барлық мектепте болуы керек.

Мектептер интернетпен 100 пайыз жабдықталған. Алайда ғаламторға қосылу жылдамдығы төмен білім ошақтары аз емес. Интернет жылдамдығы өңірдің 95 мектебінде – секундына 4 МБитпен, 156 мектепте – 4 пен 10 МБит аралығында, қалған 40 пайызында 10 МБиттен жоғары.

Облыстың 73 мектебінде интерактивті тақталардың үлесі 50 пайыздан аспайды. Облыстың 5 орта және 17 негізгі мектебінде спорт зал жоқ. Жаңа оқу жылынан бастап бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету міндеті тұрғаны белгілі. Петропавл қаласының төрт толық жинақталған және аудандардағы бірқатар білім ордаларында асхана жоқ.

Мониторинг нәтижелері көрсеткендей, мектептердің 33 пайызында ашылғаннан бері күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. 128 мектептің жылу жүйесін жөндеу қажет. Білім ошақтарында әлі күнге дейін педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер санаттары бар мамандар жеткіліксіз.

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan .

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp