«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Еліміздегі ең жедел қызмет

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірдің медицина қызметкерлері республикалық спарта­киададан олжалы оралды. “Жедел жәрдем” бригадасы Семей қа­ласында өткен бәсекеде жарыстың ең биік тұғырына көте­ріліп, 20 команданың арасынан топ жарды.

Облыстық жедел медициналық көмек орталығының директоры Юрий Белоногтың айтуынша, жыл сайын ұйымдастырылатын сайыс­тың мақсаты – жедел медициналық көмек көрсету сапасын арттыру және медицина қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын жетілдіру. Тап­сырмалардың ешқайсысы таңсық емес, күнделікті өмірде орын ала­тын жайттар. Қызылжарлық ақ ха­латты абзал жандар барлық сыннан мүдірмей өтті. Команда бір дәрігер мен екі фельдшерден құралған. Жарысқа бір айдай дайындалған олар жедел коронарлық синдром, жарақат, нәрестені үйде босанды­ру, шұғыл медициналық көмек көр­сету, реанимациялау бойынша сынға түскен. Топты жедел медициналық көмек орталығының дәрі­гері Дастан Оразаев бастап барды. Фельдшерлер Әсет Қасенов және Вадим Бойко “бәрі бірі үшін, бірі бәрі үшін” ұранымен үйлесімді жұ­мыс істей отырып, жеңіске деген құштарлықтың арқасында көздеген нәтижеге қол жеткізді.

“Мен – Қарағанды медицина уни­верситінің түлегімін. 6 жылдық тәжірибем бар. Осы уақыттың ішінде біраз нәрсені үйрендім. Ширақ­тылық, мұқияттылық, біліктілік әр­қайсымызға тән қасиет болуы ке­рек. Бұл жолы да спартакиадаға қа­тысушылар санының молдығымен ерекшеленді. Медицина саласы­ның білікті мамандарынан құралған қазылар алқасының төрелігінен мүдірмей өту оңай болған жоқ. Ку­бок пен диплом және ақшалай сыйлықпен марапатталдық”, – дейді ол.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp