Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 8-13 тамыз аралығында облыс аумағында “Мас жүргізуші” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Оның алғашқы күнінде 677 заң бұзушылық анықталды, мас күйінде көлік құралдарын басқарған 15 жүргізуші ұсталды. Көлік жүргізу құқығынан айырылған адамдардың “темір тұлпарларды” тізгіндеуінің, жолаушылар мен жүкті заңсыз тасымалдаудың төрт фактісі анықталды.
Биылғы жеті ай ішінде мас жүргізушілердің кінәсінен 14 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Жалпы облыста жыл басынан 184 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 22 адам қаза тауып, 266 адам жарақат алды.
Ерлан МАХМЕТОВ,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бас маманы.