Облыстық полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне Петропавл қаласындағы “Жас өркен” ықшамауданында орналасқан гараж кооперативтерінің бірінде акцизделмеген алкогольдік өнім сақталуы мүмкін екені туралы жедел ақпарат келіп түскен.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері облыстың 19 жастағы тұрғынын ұстады, оның гаражынан акцизделмеген 1000 бөтелке арақ тәркіленіп алынды. Тәркіленген өнімнің жалпы көлемі 500 литрді құрады.
Аталған факті Петропавл қалалық полиция басқармасының ақпаратты есепке алу кітабына тіркелді. Учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік материал жинады. Қазіргі уақытта тәркіленген сұйықтық сараптамаға жіберілді. Гараж иесінің айтуынша, ол алкогольді сату үшін сақтаған. Жыл басынан бері полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 5144 литр заңсыз алкогольдік өнімді тәркіледі.
Ерлан МАХМЕТОВ,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бас маманы.