«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мың бөтелке заңсыз арақ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық полиция департа­менті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкер­леріне Петропавл қаласындағы “Жас өркен” ықшамауданында орна­ласқан гараж кооперативтерінің бі­рінде акцизделмеген алкогольдік өнім сақталуы мүмкін екені туралы жедел ақпарат келіп түскен.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызмет­керлері облыстың 19 жастағы тұрғынын ұстады, оның гаражынан акцизделмеген 1000 бөтелке арақ тәркі­леніп алынды. Тәркіленген өнімнің жалпы көлемі 500 литрді құрады.

Аталған факті Петропавл қала­лық полиция басқармасының ақпарат­ты есепке алу кітабына тіркелді. Учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік материал жинады. Қазіргі уақытта тәркіленген сұйықтық са­раптамаға жіберілді. Гараж иесінің айтуынша, ол алкогольді сату үшін сақтаған. Жыл басынан бері поли­ция қызметкерлері заңсыз айналымнан 5144 литр заңсыз алкогольдік өнімді тәркіледі.

Ерлан МАХМЕТОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp