«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мас жүргізуші – қауіпті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жол-көлік оқиғаларының ал­дын алу мақсатында 8-13 тамыз аралы­ғында облыс аумағында “Мас жүргі­зу­ші” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Оның алғашқы күнінде 677 заң бұзушылық анық­талды, мас күйінде көлік құрал­дарын басқарған 15 жүргізуші ұсталды. Көлік жүргізу құқығынан айырылған адамдардың “темір тұлпарларды” тізгіндеуінің, жо­лау­шылар мен жүкті заңсыз тасы­малдаудың төрт фактісі анықтал­ды.

Биылғы жеті ай ішінде мас жүр­гізушілердің кінәсінен 14 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Жалпы облыста жыл басынан 184 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 22 адам қаза тауып, 266 адам жарақат алды.

Ерлан МАХМЕТОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp