«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Зар заман қасіреті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл дауылпаз жырау, атақты қолбасшы Қожаберген Толыбай­ұлының туғанына 360 және тарихи тұлғаның қазақ елі тарихында “Ақта­бан шұбырынды, Алқакөл сұлама” де­ген атаумен қалған заманды сурет­теген “Елім-ай” дастанының жазыл­ға­нына 300 жыл толып отыр. Осы айтулы датаға орай Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театры көрермендер назарына “Дауылпаз баба – Қожаберген” атты қойылымды ұсынды. Бұл жолы спектакль театрдың жаңа ғимара­тында қойылды.

Қойылымның  қоюшы режиссері – Баатырбек Шамбетов, инсцени­ров­касын жасаған – ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Аман­жол Зағыпар, қоюшы суретшісі – Садыр Ниязакунов. Қойылымда  даңқты қол­басшының образын Нұрбол Асқаров сомдайды.

Қойылым сюжеті бабамыздың “Елім-ай” тарихи дастаны желісі бойынша дайындалған. Алғаш рет 2015 жылы көремендерге жол тарт­қан спектакль бүгінге дейін театр репертуарынан түспей келеді. 

Спектакльде  сол кездегі заман қасіреті ғана емес, Қожаберген жы­раудың болмысы, ақындығы мен ба­тырлығы, көсемдігі мен көрегенділігі, ұлтшылдығы оқиғалар желісі арқы­лы көрсетіледі. Сондай-ақ орыс пат­шалығынан көмек сұраған сатқын­дар­дың сұрқия істері мен айласы да спектакль желісіне арқау етілген. Қожаберген жыраудың Тәуке ханның “Жеті жарғысын” дайындауға зор үлес қосқандығы да қойылымда үй­ле­сімді көрініс тапқан.

“Бұл қойылымның ішкі мазмұнын, әртістердің образды сомдау шебер­ліктері “Елім-ай” дастанының ішкі мазмұнын тереңдете түскендей. Қазақ театрының ұжымына ерекше ал­ғыс айтқым келеді. Жас ұрпақ осындай тарихи туындылардан нәр алса, елжанды жастардың қатары артады деп ойлаймын”, – дейді көрермен­дердің бірі Жангүл Мұратқызы.

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp