«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өжет өртсөндірушілер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық төтенше жағдайлар де­партаментiнiң өрт сөндiру және апат­тық-құтқару жұмыстары қызметi ме­­кемесінің мамандары өңіріміздегі өрт сөндіру бөлімдерінің арасында өрт­­­тен құтқару спорты бойынша жа­рыс ұйымдастырды. Оған облыстың өрт­ке қарсы қызмет гарнизонының ау­дан­­дық және қалалық бөлімшеле­рі­нен 18 команда (72 өртсөндіруші) қатысты.

Жарыс бағдарламасына 100 метр­лік кедергілері бар жолақтан өту, жауынгерлік қанат жаю және оқу-жаттығу мұнарасының 4-қаба­тына шабуылдау сатысымен көтері­лу сияқты сынақтар енгізілді.

Жамбыл ауданындағы №11 өрт сөндіру бөлімі командасының өкілі Руслан Шунаев шабуыл сатысымен кө­терілу бойынша ең жылдам өрт-сөндіруші атанып, бірінші орынды ие­ленді. Екінші орынды Есіл ауданын­дағы  Явленка ауылының №10 өрт сөн­діру бөлімінің өртсөндірушісі Жан­дос Нұрлан, үшінші орынды Петропавл қаласының 2-ӨСК өрт сөн­діруші бөлімінің құтқарушысы Қаз­кен Жандос жеңіп алды.

Жарыстың 100 метрлік кедергі­лері бар жолақтан өту кезеңі тар­тысқа толы болды. Бұл сында Петропавл қаласының №5 өрт сөндіру бө­лімінің өрт сөндірушісі Владислав Рублев ең жақсы нәтиже көрсетті.

Жарыстың қорытындысы бо­йынша доданың республикалық ке­зе­ңіне Петропавл қаласының №5 өрт сөндіру бөлімі жолдама алды.

Аман ӘУЕЗХАНОВ,

 облыстық төтенше жағдайлар департаментi өрт сөндiру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметi мекемесінің маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp