«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қарияны құтқарды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Төтенше жағдайлар министрлігі бас­пасөз қызметінің мәліметінше, 20 тамыз күні сағат 06:46-да 101 те­ле­­­фонына Петропавл қаласында бес қабатты тұрғын үйдің екінші қа­ба­­­ты­нан түтін шыққаны туралы ха­бар­ла­­ма түскен. Өртсөндірушілер оқи­­­ға ор­нына сағат 6:53-те жетті. Олардың жылдам әрі үйлесімді әреке­ті­нің нә­тижесінде 1928 жылы туған ер адам құтқарылды, сондай-ақ баспалдақ­пен 23 адам эвакуациялан­ды. Оқиға орнында үш техни­ка және жеке құрамнан тоғыз адам жұ­мыс істеді, өрт сағат 7:04-те сөндірілді.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp