«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сынақтан сүрінбеді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжар ауданындағы Берёзовка ауылының маңында орна­ласқан Ұлттық ұлан академия­сының әскери атыс алаңында “Үздік жүргізуші” және “Үздік БТР экипажы” сайысының алғашқы кезеңі өткізілді.

Сайыста әскери қызметшілер АК-74 автоматынан, Макаров та­пан­шасынан, РПК мен ПКТ пулеметінен ату, сондай-ақ автомобильдер мен БТР-80 бронды дөңгелекті маши­на­ларын жүргізу дағдыларын көрсетті. БТР экипаждары кедергілері бар жол­дардан өтті.

Байқауға келісімшарт бойын­ша жұмыс істеп жатқан әскери қызметшілер, оқу орнының курсанттары мен сарбаздар қатысты. Облыстық  төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің қызметкерлері де белсенділік та­нытты.

Талапкерлердің кәсіби шебер­лік­терін жан-жақты бағалау үшін техника және қару-жарақ бөлімінің офицерлерінен, техникалық қамта­масыз ету, қару-жарақ және атыс кафедраларынан комиссия құрылды, оны академия бастығының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары, полковник Қайрат То­кин басқарды.

Сайыстың қорытындысында ең жоғары – 90 балл жинаған автомо­биль взводының аға маманы (аға жүргізушісі) ефрейтор Тасболат Дос­­мағамбетов үздік жүргізуші деп танылды. Оқу-жауынгерлік және оқу машиналары взводының аға маманы (аға механигі) аға сержант Дархан Әлкенов басқарған БТР экипажы 92 ұпай жинады.

– Жарыстың басты мақсаты прак­тикалық дағдыларды арттыру және академияның үздік жүргізушісі мен үздік экипажын анықтау болды. Біз конкурс қатысушыларына қойы­латын талаптардың жан-жақты ойластырылғанын қадағаладық, – деді Қайрат Токин.

Байқау жеңімпаздары үстіміз­дегі жылдың қыркүйек айында Ба­тыс Қазақстан облысында өтетін жал­пы әскери байқауға қатысады.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp