«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қылқалам шеберлері

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығында “Сізге ын­тымақ керек!” (“You neet unity”) де­ген атаумен өткізілген көрмеде қа­ламыздың суретшілері жиналған қауымға өз туындыларын ұсынып қана қоймай, оларды сатуға мүм­кіндік алды. Қылқалам шеберлері­нің шығармалары әртүрлі стильдер мен тақырыптар бойынша са­лынған. Сөредегі картиналардың ең арзаны 10 мың теңгеге бағаланды.

“Бұл шара петропавлдық суретшілердің өз өнерлерін шыңдауына мүмкіндік береді. Өткен жылғы жобамыз жақсы жаңалық­тарға толы болған еді. Біз жұртшы­лыққа жаңа есімдерді танытуға ты­рыстық. Заманауи бағыттағы суреттер салатын өнерпаздармен таныстық. Ал биылғы шара мүлдем өзгеше бағытта өтіп жатыр. Жергі­лікті жұртшылық суретшілердің ең­бектерін ғана емес әншілер мен бишілердің өнерлерін де тамашлай алды”, – дейді көрмені ұйымдасты­рушы Лиа Мкртчян.

Көрмеге қатысқан суретшілер­дің бірі – 18 жастағы Карина Ма­руан. Ол сурет салумен бала кезінен айналысады. Карина әртүрлі материалдар мен әдістерді қолданғанды жақсы көреді. Ол жи­налғандар назарына 4 туындысын ұсынды. Картиналарының бірі – “Әйелдің көз жасы” деп аталады. Суреттегі нәзік жанның жанарына қарап отырып Табиғатананың әйел баласына көптеген қиындықтарды үйіп бергенін аңғаруға болады.

Көрмеге Алматыдан арнайы шақырылған құрметті қонақтардың бірі – Мария Ильницкая суретші­лерге шығармашылықты коммер­цияға қалай айналдыру керектігін айтты. Жас суретшілерге қажетті құрал-жабдықтар, идеялар туралы мәлімет берді.

Аманжол ЗАҒЫПАР,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp