«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ит серуендету ережесін бұзды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда жануарларға жауапкершілікпен қарау саласын­да­ғы заңнаманы бұзғаны үшін биыл 400-ден астам тұрғын жауапкер­ші­лікке тартылды. Облыстық полиция де­партаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлда жергі­лік­ті полиция қызметі бөлімінің бас­ты­ғы Айдын Ақмағамбетов қызмет ат­қару барысында Қазақстан Конс­ти­туциясы мен Горький көшелерінің қиылы­сын­да ит серуендетіп жүр­ген әйелді байқайды. Стаф­фордшир терьердің тұмсығында тұ­мыл­дырығы, мойнында бауы бол­ғанымен по­лиция қызметкеріне ит иесінің жү­ріс-тұрысы күмән туды­рып, тексер­мек болады. Екі әйел по­лицейлер­дің заңды талабына ба­ғын­баған. Нәти­жесінде 1984 және 1988 жылы туған әйелдер медици­налық куәланды­ру­ға жеткізілді. Нәтижесі олардың мас болғанын көрсетті.

Кинологиялық қызмет орталығы­­­­ның қызметкерлері итті уақытша ор­талықтағы торға орналастырды. Әйел­дер полиция басқармасына жет­­кізіліп, оларға қатысты Әкімшілік құқық бұзу­шылық туралы кодекстің 407-2, 434 және 667-баптары бойын­ша бірне­ше хаттама толтырылды. Процесс­тік ше­шім қабылдау үшін жиналған ма­териалдар сот орган­дарының қарауына жіберілді.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp